ИнЕУ-дің халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Печать PDF

Гузаль Баймулдинова

- халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы, менеджмент магистрі. Шетелдік серіктестермен ресми хат алмасу ісімен және келіссөздер жүргізумен айналысады. Шетелдік профессорлар мен тағылымдамадан өтетіндерді шақырады, халықаралық жобаларға қатысады.


М.Горький к-сі, 102/4, 204-каб,
140000, Павлодар, Қазақстан. Тел/факс: (7182) 34-47-50
,

 

Күлімжанова Айтжан

- ағылшын тілді бағдарламалар жөніндегі маман.

Ағылшын тілді елдерде оқудың шәкіртақылық бағдарламалары мен тағылымдамалар бойынша кеңес береді, AIESEC Жергілікті комитетінің жұмысына жетекшілік етеді, ағылшын тілі курстарын ұйымдастырады, шетелдік волонтерлар мен тағылымдамадан өтетіндер жұмысын қадағалайды.


М.Горький к-сі, 102/4, 204-каб.,
140000, Павлодар, Қазақстан. Тел/факс: (7182) 34-47-50

Өзіңіздің болашақ жетістіктеріңіздің негізін студенттік өмірде қалағыңыз келе ме, әлемді көріп, өзіңізді көрсетіп немесе шетелдік әріптестеріңізбен танысқыңыз келе ме, зерттеу жүргізіп, диссертация қорғауға дайындалып, батыс ЖОО-ларында дәреже алғыңыз келе ме? Онда біздің халықаралық бөлімге келіңіз.

Барлығын қызықтыратын ең бірінші сұрақ – конкурстарға қатысып, шетелге шығу үшін не қажет? Жауабы – шетелге баруға үлкен ықылас білдіріп, біраз күш салу қажет!!!
Бөлімде ағылшын тілді және неміс тілді бағытта мамандар жұмыс істейді. Біз сіздермен оқыту жөніндегі бағдарламалар туралы ақпараттармен, қатысу шарттарымен, өлшемдермен бөлісеміз, құжаттарды толтыруға және сіздің салған күшіңізді дұрыс арнаға бағыттауға көмектесеміз. Тілді білу деңгейі мен мақсаттарға байланысты түрлі бағдарламалар бар. Негізгі топ – түрлі бағыттар мен әртүрлі елде оқу үшін студенттер мен оқытушыларға арналған стипендиялық бағдарламалар. Оқытушылардың шетелде өз зерттеулерін жүргізу үшін өтінімдерін беру, батыс ЖОО-лар кітапханаларындағы жұмыстарға, бірлескен халықаралық жобаларға қатысу мүмкіндіктері бар. Егер де сіз жоғары дәрежелі тәжірибе алғыңыз және тілді білу деңгейін жетілдіргіңіз келсе, онда Сізге тағылымдамалар бағдарламасынан өтуді ұсынамыз.

Ұтымды ұсыныс - „АҚШ лагерьлерінің жетекшілері„ және „АҚШ-тағы жұмыс тәжірибесі„.

Бағдарлама Америкада жазғы уақытта 4 айлық жұмысты жоспарлайды.

Ал егер де тілді білмесеңіз, бірақ Америкаға барғыңыз келсе, онда Сізді әртүрлі деңгейдегі коммуникативті ағылшын тілі курстарына шақырамыз. Ағылшын немесе неміс тілдерінде фильмдер түпнұсқасын көргіңіз келсе – бейнесессияға келіңіздер.

Сонымен қатар халықаралық бөлімде Сіз ағылшын тілін білу деңгейіңізді  TOEFL диагностикалық тестін тапсыру арқылы тексере аласыз.

Жұмыс бағыттары:
*шетел ЖОО-ларына  (бакалавриат, магистратура, қашықтықтан оқыту) оқуға түсу туралы сұрақтар бойынша  және халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысу мәселелері бойынша кеңестер беру;
*университеттің халықаралық байланыстарын кеңейту;
*халықаралық ұйымдардың конкурстары туралы ақпараттарды іздестіру және құрылым бөлімшелеріне  ұсыну;
*оқу гранттарын алу туралы және ғылыми зерттеу сұрақтары бойынша кеңестер беруді ұйымдастыру;
*шетел тілдерін білу деңгейін анықтау үшін тестер өткізу;
*аударма қызметтерін ұсыну;
* ағылшын тілі (коммуникативті, әрдеңгейлі) курстарын өткізу және ұйымдастыру;
*Халықаралық емтихандарды тапсыруға дайындық (TOEFL);
*аккретиттеуден өткен тілдік мектептерге ресімдеу.

Халықаралық бағдарламалар мен стипендиялар

2010-2011 DAAD стипендиялық бағдарламалары

Гумбольдт Штифтунгтан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі интернационалды стипендиялар

Коперникус стипендиялары

2010 жылға Япониядағы тағылымдама

Chevening scholarship

Fulbright Program

Edmund Muskie

Орта-Азиялық Қордың Көтермелеу Стипендиялар бағдарламасы

Будапешттегі көктемдік семинарлар

Болгариядағы Америка Университетінде оқу

„Білім – Орталық Азия„ Білім беру Орталығының өкілімен кездесу

Орталық-Еуропа Университетінің магистратурасы мен аспирантурасына түсуге конкурс

Әлем Корпусының волонтерымен кездесулер

Орта-Азиялық қорының Көтермелеу Стипендиялары бағдарламасына қатысу  конкурсы

 

Халықаралық ынтымақтастық

18 жыл қызметі ішінде ИнЕУ халықаралық ынтымақтастық саласында  үлкен жетістіктерге жетті және де Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кеңінен танымал. Инновациялық Еуразия Университеті Шетел ЖОО-ларымен академиялық және ғылыми ынтымақтастықты жүзеге асырады:

- шетел ЖОО-ларымен:

  1. Neubrandenburg  Германия университеті.  Бірлескен қызмет туралы шарт.
  2. Сібір мемлекеттік автомобиль-жол академиясы. 2001 жылғы 29 маусымда қол қойылған бірлескен қызмет туралы шарт.
  3. Омбы мемлекеттік техникалық университеті. 2001 жылғы 29 маусымда қол қойылған бірлескен қызмет туралы шарт.
  4. Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті. 2001 жылғы 2 тамызда қол қойылған бірлескен қызмет туралы шарт.
  5. Алтай мемлекеттік техникалық университеті. 2002 жылғы 20 мамырда қол қойылған бірлескен қызмет туралы шарт.
  6. Омбы мемлекеттік университеті. 2002 жылғы 22 мамырда қол қойылған ынтымақтастық туралы шарт.
  7. Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті. 2004 жылғы 4 ақпанда қол қойылған ынтымақтастық туралы шарт.
  8. Бішкек мемлекеттік экономика және кәсіпкерлік университеті. 2004 жылғы 12 сәуірдегі шарт.
  9. Омбы мемлекеттік жүйетехника институты. 2004 жылғы 10 мауысымдағы шарт.
  10. Ташкент мемлекеттік техникалық университеті. 2004 жылғы 27 шілдедегі шарт.
  11. АГАУ ветеринариялық медицина институты. 2004 жылғы 18 қарашадағы шарт.
  12. Бішкек қаржы-экономикалық академиясы. 2005 жылғы 23 мамырдағы шарт.
  13. Греция, Афины қ. технологиялық білім беру институты. 2005 жылғы 3 қазандағы шарт.
  14. Воронеж мемлекеттік технологиялық академиясы (ВМТА). 2005 жылғы 21 қазандағы шарт.
  15. Семей мемлекеттік педагогикалық иституты. 2004 жылғы 19 қазандағы шарт.
  16. ҚР АШМ Республикалық ветеринариялық зертхана РМКК-ның Павлодар облыстық филиалы. 2004 жылғы 3 мамырдағы шарт.
  17. Гирн қ. Америка университеті (Кипр), АҚШ, Серіктестік келісім меморандумы Солтүстік  Виржиния (УВС), 18.08.2006 ж.

18. Омбы мемлекеттік аграрлық университеті, ынтымақтастық туралы шарт, 26.01.2006 ж.

19. Кемеров мемлекеттік университеті, ынтымақтастық туралы шарт, 16.04.2007 ж.;

20. МАБ,  Алматы қ., ынтымақтастық туралы шарт, 2007 ж.;

21. «Тұран-Астана Университеті» мекемесі, ынтымақтастық туралы шарт, 2008 ж.;

22. Тюмень мемлекеттік мұнайгаз университеті, қатар білім беруді ұйымдастыру  регламенті, 2008 ж.

23. Павлодар облысы әкімдігі, серіктестік туралы келісім-шарт, 11.04.2008 ж.

24. П.П. Ершов атынд. Ішім мемлекеттік педагогикалық институты, ынтымақтастық туралы шарт, 27.02.2009 ж.

  1. СИБАДИ, ынтымақтастық туралы шарт 27.02.2009 ж.
  2. Тюмень мемлекеттік университеті, ынтымақтастық туралы шарт, 04.03.2009 ж.


-ұйымдармен:
* Гёте-Институттың «Тіл Орталығы» ОФ. 2004 жылғы 6 мамырдағы шарт.
* USAID халықаралық даму бойынша Америка  агенттігі.
* Ed-Net білім беру ұйымдарының қауымдастығы.  2004 жылғы 12 шілдеден бастап шарт.
* «Stein HT» фирмасы, Германия. 2004 жылғы 15 шілдедегі келісім-шарт.
* Carrier Planner’s Associate (Карьераны жоспарлау жөніндегі қауымдастық), Бангладеш. 2004 жылғы 1 қазаннан бастап шарт.
* ИнЕУ ғалымдары мен қызметкерлерінің тобы USAID Америка Агенттігі қаржыландарған «Кәсіпкерліктің ғаламдық мониторингі» атты әлемдік зерттеуінің ресми мүшесі болып табылады. Бұндай ЖОО  Қазақстанда жалғыз - бұл ИнЕУ
Осы шарттар бойынша жақтар ұдайы ақпаратпен ауысып, ОПҚ-ның біліктілігін көтеру, ғылыми жұмыстарды жариялау, студенттер, магистранттар және аспиранттарымен ауысу, оқытушылар, қызметкерлер және студенттерге ғылыми тағылымдама мүмкіндігін беруде бір-біріне ғылыми және білім беру қызметінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуде көмектеседі.

Жыл сайын халықаралық қорлар қаржыландырылатын оқыту және біліктілікті көтеру халықаралық бағдарламаларында ИнЕУ-дің 90-ға жуық оқытушылары мен студенттері қатысады. «Еуразия», «Сорос-Қазақстан» қорлары; DAAD Неміс академиялық айырбастау қызметі; Білім беру және тілдерді меңгеру саласындағы ынтымақтастық бойынша Америка Кеңесі (AСCELS); «Британия кеңесі»; Халықаралық зерттеулер және айырбастау жөніндегі кеңес (IREX), АҚШ ақпараттық агенттігі (USIS), Еуропалық Кеңес — ТАСИС халықаралық білім беру бағдарламаларында қатысып,  Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Ресей, Венгрия, Нидерландыда университет студенттері, аспиранттары, оқытушылары білім алып, тағылымдамадан өтеді.

ИнЕУ-дің халықаралық байланыстарын дамыту және кеңейту:

* ИнЕУ – Халықаралық білім беру институтының мүшесі (IIE Network), Нью-Йорк, АҚШ;
* ИнЕУ - NISPAcee Орталық және Шығыс Еуропадағы Институттар желісі мен Көпшілік Әкімшілік ету мектептерінің мүшесі;
* ИнЕУ - EdNet Білім беру желісінің мүшесі;
* ИнЕУ - CAMAN менеджментін дамытудың Орта-Азиялық даму қорының мүшесі.

2004 жылғы қараша айында «Бизнес және менеджмент» факультеті СAMEQ ұйымының сертификатын иеленуімен мамандандырылған аккредиттеуден өту жөніндегі жобаға грант алды. Нәтижесінде 2005 жылғы наурыз айында «Бизнес және менеджмент» факультеті халықаралық аккредиттеуден сәтті өтіп, СAMEQ ұйымының сертификатына ие болды.

ИнЕУ-дің Аймақты тұрақты дамыту ҒЗИ – Қазақстан Бағалаушыларының қауымдастығы мен ТМД елдерінің Бағалаушы қауымдастығының мүшесі, онда ИнЕУ-дің Аймақты тұрақты дамыту ҒЗИ-нің директоры, э.ғ.к., профессоры В.М. Елисеев Қауымдастық төрағасы қызметін атқарады.
ИнЕУ Аймақты тұрақты дамыту ҒЗИ – Стандарттар және бағалар жөніндегі Халықаралық комитеттің мүшесі, Лондон, Ұлыбритания;
Жыл сайын халықаралық бөлімнің қызметкерлері Ресейдің Омбы қаласында өтетін Халықаралық білім беру күндері аясында өтетін халықаралық көрмеге қатысады.

Биыл ИнЕУ ЖОО-н халықаралық аккредиттеуі рәсімінен сәтті өтті. KZ 0001 сертификаты American University Accreditation Council /www.auac.org/ - Америка университетінің Аккредитациялық Кеңесінен /АУАК білім беру бағдарламаларының сапасын растау нәтижесі ретінде алды.