Ресейден келген қонақтар

Рейтинг
(0 благодарность)
Жарияланды: Жаңалықтар

Инновациялық Еуразия университетіне достастық сапармен Ресейден Бірінші Мәскеу заң университетінің ректоры Строев В.В., аталған университеттің халықаралық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгершісі Ребец К.В., Омск гуманитарлық академиясының академиясының (ОмГАУ) ректоры Еремеев А.И. және ОмГАУ-дың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Патласов О.Ю. келді.

Ресей және Қазақстан халықтарының арасында дәстүрлі қалыптасқан мәдени-білім беру, әлеуметтік-экономикалық және өзге де байланыстарды, оларды барынша нығайту және кеңейтуге деген өзара мүдделілікті назарда ұстай отырып, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты іске асыру механизмін жасау қажеттілігін түсіне отырып, білім мен ғылым саласында бірлескен бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында біздің ЖОО мен Бірінші Мәскеу заң университеті ынтымақтастық туралы шарт жасасты.

Болон процесі аясындағы бұл ынтымақтастық ғылыми және білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз етуде бір-біріне көмек көрсетуге, студенттермен, магистранттармен, ғылыми қызметкерлер және оқытушы-профессорлық құраммен алмасуды, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, семинарлар мен конференцияларды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және т.б. ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бұның барлығы мәдени-білім беру саласын екі жақты нығайтатыны сөзсіз.

Ирина ЛОГВИНЕНКО,
халықаралық байланыстар
корпоративті ынтымақтастық
жөніндегі маман
Аударған: Мемлекеттік тіл
және аударма орталығы

Оқу 1245 Время
Жаңартылды Monday, 25 November 2013 10:24

Пікір қалдыру

Сіз қажетті ақпарат енгізіп отырғаныңызға сенімдісіз бе? (*)