Қызықты деректер
ЖОО электр қуатының бір бөлігі күн мен жел күшімен қуатты жаңғырту көздері арқылы қамтамасыз етіледі.

Газета Знание

Газет туралы

Біз «ИнЕУ - жаңа мүмкіндіктер әлемі» дейміз және бұл туралы біздің оқырмандарға неғұрлым көп ақпарат жеткізуге тырысамыз. Біз «ИнЕУ – сенің жетістікке апар жолың» деп сенімдіреміз, сонымен қатар университетте оқып жүргендер, қызмет етіп жүргендердің табыстары, жеңістері туралы айтамыз. Жеңіс формуласы әркімде әртүрлі. Бастысы – бір кезде шешім қабылдап, өз табысты болашағына нық қадам жасау.

Газет қызметкерлері

Нөмірлер мұрағаты

Қосымша ақпарат

Газет 1967 жылдан бері шығарылып, 2000 жылға дейін Павлодар қ. жетекші ЖОО-лары – ПМУ және ПаУ-да болып жатқан оқиғаларды жария етеді. 2000 жылдан бастап Павлодар университеті, қазіргі Инновациялық Еуразия университеті газет құрылтайшысы және иесі болып табылады, осы кезден бастап газет – университеттің ведомстволық мерзімді басылымы болып саналады. 2005 жылға дейін «Знание» деп, ал 2005 жылдан бастап - «Знание-Білім» деп аталады. Газет екі тілде: орыс және қазақ тілдерінде шығарылады. Басылым айына бір рет жарыққа шығарылады. Таратылымы – 1100 дана.

Газеттің негізгі міндеті – университет өмірінің оқиғаларын жарыққа шығару, имдждік және кәсіби бағдар беру сипаттағы материалдарды, ЖОО қызметі, оның әртүрлі салаларында жетістіктері мен жаңашылдықтары туралы, білім берудегі өзекті мәселелер жөнінде, ЖОО-ның алдыңғы қатардағы оқытушылары жайлы, студенттік өмір оқиғалары туралы, университет студенттерінің спорттық жетістіктері туралы жариялау.

Газеттің штаттан тыс тілшілері болып университет оқытушылары мен қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар студенттер де бола алады.

Біздің айдарларымыз: «Оқиғалар. Жаңалықтар», «Баспасөз-ақпарат», «Біздің жетістіктеріміз», «Шексіз әлем», «Халықаралық білім беру жобасы», «Халықаралық білім беру», «Білім берудегі жаңалықтар», «ЖОО - мектепке», «Біліктілікті жетілдіреміз», «Оқимыз!», «Семинарлар, семинарлар…», «Кафедра аптасы», «Университет неден басталады?», «Біз таңдайтын жолдар», «Талапкерге», «Сіздің таңдауыңыз», «Біздің студенттер», «Жетістік сыры», «Танысайық!», «Ректормен кездесу», «Студенттер жазы», «Біздің түлектеріміз», «Бірінші курс студентінің монологі», «Блиц», «Психологтың кеңестері», «Заңгердің кеңестері», «Ой толғау», «Студенттік өмір», «Жағдайларыңыз қалай, жастар?», «Біз КВН-ді бастаймыз», «Спорт».

Редакция мекен-жайы: М. Горький к-сі, 102/4, 3-ғимарат, 217-каб.

Тел. +7 (7182) 45-12-32 (ішкі - 115).

E-mail: gazeta@ineu.edu.kz