ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу

25.02.2010 11:09

ИнЕУ студенттері, оқытушылары мен қызметкерлерінің ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаттары В.Я. Бобров және Е.А. Рамазановпен өткен кездесуі «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан еліне жолдауын талқылау мен талдауға арналған болатын.

Кездесуді ИнЕУ ректоры, т.ғ.д., профессор А.Ю. Камербаев ашты, ол талқыланатын тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. В.Я. Бобров мемлекеттің ұзақ мерзімді даму жоспарлары 1997 жылғы «Қазақстан – 2030» стратегиясында құрылғандығын, сол кезде 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары дайындалғанын жиналған қауымның есіне салды. Президент халыққа арнаған он төртінші жолдауында қандай істер атқарылды және алдымыздағы онжылдықта қандай істер атқарылатынын қорытындылады.
Әлемдік экономикалық-қаржылық дағдарыс мемлекеттің экономикасының өсу үрдісіне зиянын тигізбеді деп айта алмаймыз. Үкіметімізбен дағдарысқа қарсы бағдарлама дайындалды, оған қаржылық жүйелерді қорғау, банктерді қолдау, агроөнеркәсіп кешеніне көмек, тұрғын үй құрылысына қатысу, сонымен қатар «Жол картасы» бағдарламасы бойынша электролиниялардың жүздеген километрін, су жабдықтау желілерін, автожолдарды, мектептер мен ауруханаларды, мәдениет және спорт нысандарын жөндеу жұмыстарынан өткізуге мүмкіндік берді. Мыңға жуық жұмыс орындары құрылды. Біздің жетістіктерімізді ескере отырып, 2009 жылы ОНН өз баяндамасында Қазақстанды адамдық әлеуеті жоғары дәрежелі мемлекеттер деңгейіне қосты».
Жаңа жолдауында Президент өз халқына 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясын ұсынды, оны лидерлікке жететін бірде-бір жол деп қарастырды. Тездетілген индустриялау мен инфрақұрылыс дамуының арқасында тұрақты экономика дамуына қол жеткізу, адамдық капиталдың бәсекеге қабілеттілігін, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін, ұлттық қауіпсіздікті, ұлтаралық келісімдер мен халықаралық қарым-қатынастардың дамуын жоғарлату мақсатымен болашаққа белсенді инвестициялау.

Еліміздегі демографиялық жағдайды жақсарту, жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықты және күнкөріс минимумынан төмен тіршілік ететін халықтың санын азайту бойынша шаралар қолданылып жатыр. 2015 жылға дейін базалық зейнетақының мөлшері мен әлеуметтік жәрдемақыны көбейту жоспарланған. Осы жылы мемлекеттік бюджетте 1 қаңтардан бастап зейнетақыны, ал 2010 жылғы сәуір айынан – шәкіртақы мен бюджеттегілердің еңбекақысын көтеру қарастырылған. Бұл іс бағалар мен тарифтердің көтерілу жағдайында қазақстандықтар үшін маңызды болып келеді.

Тездетілген индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы еліміздің Индустрияландыру картасында көрсетілген, оған 122 жоба (олардың 12-сі – Павлодар аймағында), жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды қайта жөндеу жұмыстарын болжауы, жаңа өндірістердің қатарға енуі, жаңа жұмыс орындарын құру енеді. Мақсаты – еліміздің шикізатқа тәуелділігін төмендету. Бұл мәселе бүкіл халықтық болуы тиіс, әрбір индустриалдық нысан тек жергілікті өкіметтің ғана емес, сонымен бірге „Нұр Отан„ халықтық-демократиялық партиясының бақылауына да алынған.


Елбасы өндірісті жаңарту, жаңа технологияларды енгізу, әлемдік тәжірибені қолдану мен елдің ішкі нарығын отандық өнімдермен толтыру және Кедендік одақ, Орталық Азия, Кавказ бен Таяу Шығыс елдеріне экспортқа шығару мөлшерін көбейту арқылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға үлкен мән беріп отыр. 2020 жылға дейінгі елдің ғылыми-технологияның салалар аралық жоспары темір жолдар мен авто жолдардың құрылысын қарастырып отыр, бұл жоспар Қазақстанды әлеуетті партнерлармен байланыстырады, „болашақ экономикасының„ ұлттық инновациялық жүйенің дамуы. Астанада Жаңа халықаралық университет құрылды, оған үш ғылыми орталық кіреді: Өмір туралы ғылым орталығы; Энергетикалық зерттеу орталығы және жаңа технологияларды өңдеу жөніндегі тәртіп аралық орталығы. „Ғылым туралы„ заңның жобасы тағайындалуда.
Өзгерістер сауда саясатында да болмақ. Қазақстанның алғашқы интеграциялық адымы Кедендік одақтың құрылуы болды, келесісі – капиталдың еркін қозғалысы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуы мен жұмыс күштері, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі, кәсіпкерлердің жаңа нарықтарға шығуы.

2020-стратегиясы медициналық қызмет көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуді жақсарту, балалар өлімі, туберкулез бен онкологиялық ауруларын азайту бойынша мемлекеттік шаралар кешенін қарастырады. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекет саясаты ауруларды алдын алу, салауатты өмір салтын дәріптеу және адамның өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға бағытталған. Үкімет мұнда келешекте өтетін Олимпиадаға үлкен үміт артады. Ол халық арасында спорттық-сауықтыру база және дене шынықтыру - көпшілік жұмыстың дамытуында аймақтарды жандандыруға көмектеседі. Кездесуге қорытынды жасап, депутат В.Я. Бобров Қазақстанның ОSCЕ-де төрағалық етуі – бұл үлкен құрмет және үлкен жауапкершілік деп белгілеген. Қазақстанның алдында ауқымды шешімдер қабылдап, үш континенттің 56 елі арасындағы конструктивті диалогты жоғары деңгейге жеткізу керек. Елдің сыртқы саясаты ұлттық мүддені қамтамасыз ету, елдің халықаралық беделін көтеру және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған. Барлық қазақстандықтарды біріктіретін ұлттық стратегиясыз - жоспарланғанды іске асыру мүмкін емес. Қоғамдағы тұрақтылық, елдегі және әлем нарығындағы экономикалық дамудың табыстары әрқайсымызға байланысты.

***

Кездесудің екінші жартысы Елбасы Жолдауын талқылауға арналды. Депутатқа студенттер, оқытушылар және университет қызметкерлері қойған сұрақтар білім беру саласына байланысты болды. Елбасы қазақстандық ЖОО-лардың алдына қойған міндеті – халықаралық деңгейге жету. Бұл халықаралық бағдарламалар, оның ішінде PhD докторларын дайындау бойынша дәрістер оқу үшін аймақтық ЖОО-ларға шетел ЖОО-ларының профессорларын шақыру заңды түрде бекіту туралы қажеттіліктің туғанын білдіреді. Біздің елге шетел профессорларын шақыруды жеңілдету туралы ойлау керек. Бүгін бұл тәртіп көп мемлекеттік мекемелермен келісуді талап етеді. Ұлттық инновациялық жүйені құрғанда, маңызды рөл ЖОО-ларға беріледі. Олар өндіріске жаңа технологияларды енгізушілер болады, сондықтан ИнЕУ-дің ғалымдары «Ғылым туралы» заң жобасының талқылауына қатысқылары келетіні жөнінде айтты.

Әр ЖОО меншіктік нысанына қарамастан білім сапасына кепілдік беруі керек. Сонымен қатар меншікті ЖОО-лардың оқытушылары "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқытуға мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға, баспана алуға, білім саласының қызметкерлеріне арналған әлеуметтік қолдау жеңілдіктерін алу мүмкіндіктері жоқ. Университет студенттері Елбасына жасап жатқан қамқорлығы үшін және қосымша мемлекеттік гранттарды бөлгені үшін алғыстарын білдірді. Биыл да өткен жылдағыдай студенттерге арналған "Жасыл ел" мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. Осы бағдарлама оларға өз бюджеттерін толтырып, кәсіби дағды алуға көмектеседі. Бүгінгі таңда ИнЕУ қуатты жаңғыртылмалы көздер арқылы өндірудің дәстүрден тыс әдістерін белсенді қолданып жүр. Бұл қазақстандық ғана емес, сонымен қатар әлем электр энергетикасы дамуының табысты бағыттарының бірі. Университет ТЕМПУС ТАСИС бағдарламасы бойынша халықаралық жобаларға қатысты, қымбат тұратын жабдықтарды сатып алды, инженерлік мамандықтары халықаралық аккредитациядан өтті, қуаттың жаңғыртылмалы көздері жөніндегі ғылымдарының магистрлерін дайындап жатыр, ал магистрлерді даярлауға бюджеттік орындар жоқ. Бұл сұрақ Білім министіріне арналады.
Шешілмеген сұрақтардың бірі – қазақстандық ЖОО-ларға ҰБТ (Ресейде МБЕ тапсырады)
нәтижелерісіз жақын шет елдердің студенттерін қабылдауға рұқсат етілмейтін нормативтер. Бірыңғай білім беру кеңістігі керек. Депутаттар ел аралап келгеннен кейін сайлаушылармен талқыланған сұрақтардың, шешілуді қажет ететін мәселелер тізімін құрастырады. Олардың барлығы назардан тыс қалмайды деп сенеміз.

Нина БРУС,
Инновациялық Еуразия университетінің «Знание-Б
iлiм» газетінің редакторы Аударған: Мемлекеттік тілді оқыту және аударма орталығы