Саратовта өткен конференция
Саратовта TEMPUS ERAMIS Еуропалық Одағының бағдарламасы бойынша Халықаралық білім беру консорциумына қатысушылардың екінші конференциясы өтті.
Еуропалық қауымдастығы елдерінен конференцияға Франция, Германия, Испания, Финляндия және Польша университтері қатысты. Серіктестер ретінде Қазақстан, Ресей, Қырғызстан университеттері мен ғылыми ұйымдары қатысты. Конференция Саратов мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық университетінде өтті..
Конференцияда халықаралық консорциумының қатысушысы өз презентациясын көрсетті, туындаған проблемаларға талдама жасалды, ресей, қазақстандық және қырғызстандық серіктестермен орнатылатын әкімшілдік ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Конференция қатысушыларына жобаға қатысып жатқан университеттердің педагогикалық командалары мен олардың магистрлік бағдарламалары таныстырылды.Әр университет Еуропалық Одақтың TEMPUS ERAMIS бағдарламасы бойынша магистранттарды оқыта алатын мүмкіндіктері жайында айтты.
Конференция аясында «Организация обучения по проекту TEMPUS ERAMIS. Информатика как вторая компетенция: проблемы, способы решения, рекомендации» атты тақырыпқа дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда магистрлер үшін жалпы бағдарламалар дайындау, сайт жасау және электронды базаны құры сынды мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар Ресей, Қазақстан және Қырғызстан университеттеріне еуропалық елдер университтерінен дәріс оқитын профессорларды шақыру ұсынысы жасалды.
Жобаның басты мақсаты - екінші деңгейдегі мамандарды – магистрлерді даярлаудың еуропалық жүйе талаптарына сай келетін жаңа жолдарды жасау.
TEMPUS ERAMIS жобасы қатысушыларының келесі үшінші кездесуі қазан айында Алматы қаласында өтпек. Онда «Информатика екінші құзыреттілік» бағыты бойынша магистрлерді даярлаудың халықаралық білім беру бағдарламасына конференция қатысушылары толықтырулар енгізеді де, бекітеді.
Тамара САЛИЙ, п.ғ.к., ИнЕУ-дің қашықтықтан оқыту
факультетінің деканы
Аударған: Мемлекеттік тілді оқыту
және аударма орталығы
ИнЕУ металлургия саланда ең үздік болып табылды
|

|
ҚР БжҒМ-нің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен Инновациялық Еуразия университетіне «Металлургия» мамандығы бойынша алдыңғы қатарлы ұйым мәртебесі берілді.
Біздің университет аталмыш бағыт бойынша зерттеулер жүргізетін ғалымдардың ғылыми жұмыстарына ресми сын-пікір беру құқығына ие болды.
Александр АБРАМЕНКО,
ИнЕУ-дің ғылыми-ұйымдастыру бөлімі
Аударған: МТОжАО
|
ИнЕУ-де жаңа халықаралық жоба
|

|
|
National Tempus Office in Kazakhstan Инновациялық Евразия университетін ERASMUS MUNDUS бағдарламасында өтінімдер конкурсында жеңіс жеткенімен құттықтады.
2010 жылғы 16 шілдеде Еуропалық комиссия Халықаралық білім беру Консорциумының, оған ИнЕУ-мен қатар Польша, Австрия, Германия, Греция, Италия, Португалия, Швеция және Орталық Азия елдерінің унверситеттері кіреді, мүшесі ретінде павлодарлық ЖОО-ға грант бөлуі туралы шешім қабылдады. Мұндай нәтиже Ұлттық Аккредиттеу Кеңесі және халықаралық сарапшылардың ЖОО қызметін жоғары бағалағандарының арқасында мүмкін болды.
Енді Инновациялық Евразия университетінің студенттері, магистранттары, аспиранттары, докторанттары Еуропа университеттерінің алмасу бағдарламаларында тегін қатысу мүмкіндіктерін алды.
Білім сапасының рейтингі
|
Құттықтаймыз!
|

|
Л.А. Фрезоргер, ИнЕУ-дің вице-президенті, э.ғ.д. бірінші жеті қазақстандықтардың бірі болып, білім сапасын бағалау бойынша сыртқы сарапшы халықаралық сертификатын алуымен құттықтаймыз.
ҚР Ұлттық аккредиттеу орталығы Ресей аккредиттеу орталығымен бірлесіп білім бағдарламаларының сыртқы сапасын бағалау үшін сарапшыларды дайындау бойынша семинар өткізді. Қазақстанның жеті азаматы, олардың ішінде ИнЕУ-дің вице-президенті Л.А. Фрезоргер білім сапасын бағалау бойынша бірінші қазақстандық сыртқы сарапшылары ретінде халықаралық сертификатарын алды. Сертификаттарда Франция Білім министрлігінің қолы қойылды және олар Парижде табысталды. Болашақ сыртқы сарапшыларды Германия, Франция, Польша мен Испания мамандары оқытты. Парижде тұрғанда қазақстандықтар Engineering school Ecole техникалық интитуты, бизнес-мектептерде болып, ынтымақтастық туралы келісті. Семинар білім сапасын бағалау бойынша Еуропалық орталық - Ciep қамқорлығымен өтті. Семинардың аяқталуында Ресей, Қазақстан, Еуропа ЖОО-ларының бірлескен аккредиттеуі және сыртқы сарапшылар сертификаттарының легитимділігі туралы шарт жасасты.
ИнЕУ-дің баспасөз қызметі
|
Неміс кәсіпкерлері ИнЕУ-де
Қазақстандағы Германия жылы шеңберінде ИнЕУ-де дөңгелек үстелде неміс кәсіпкерлерімен кездесу өтті.
Қонақтарды университеттің қаншалықты серпінді дамуы, оның Германиямен сыртқы экономикалық және мәдениеттік байланыстары, ғылыми жетістіктері қызықтырды. Германия кәсіпкерлері соңғы рет бес жыл бұрын келген. Осы жылдар ішінде көбісі өзгеріп кетті. Кездесуді ашып, ИнЕУ ректоры ЖОО-ның жалпы мінездемесін беріп, қазір Қазақстанда мемлекеттік және мемлекеттік емес ЖОО-лар іс-қимыл жасайтының белгіледі. ИнЕУ оқытушылық құрамының дәрежелігі, білім сапасы бойынша бой бермейді, ал басқа өлшемдер бойынша елдің көп ЖОО-ларын асып кетеді. Қонақтарға университет туралы неміс тілінде түсініктемелермен видеофильм көрсетілді.
|

|

|
Содан кейін ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Е.Б. Никитин ИнЕУ-дің Германиямен ғылым, білім және мәдениет салаларында ынтымақтастық туралы айтып берді. 2008 жылдан бастап ИнЕУ Нойбранденбург университетімен биотехнология, азық-түлік өнімдер технология және зоотехния бойынша бірлескен бағдарламаларды іске асырып, белсенді серіктеседі. Университетті Клаус Розе кәсіпкер, RSS-Gebause Technik (Германия) фирмасының директорымен достық қарым-қатынастар байланыстырады, онымен серіктестік нәтижесінде өнеркәсіптік контроллерлер зертханасы құрылды. Университет DAAD Академиялық алмасудың неміс қызметімен белсенді серіктеседі. Алмасу бағдарламалары бойынша 50-ден астам студенттер мен оқытушылар Германия ЖОО-ларында оқу мен тағылдамалардын өтті. Германия кәсіпкері Штайн мырза университеттің студенттеріне он грант бөлді – бес жыл бойы елуден астам ЖОО студенттері осы гранттар бойынша оқу үшін конкурсқа қатысты.
|

|

|
Кейін «Туран профи» оқу орталығының менеджері Шинар Халелова Қазақстан Республикасының экономика саласында жетекші қызметкерлер мен менеджерлердің біліктілігін көтеру бағдарламасын ұсынды. Курс тыңдаушылары – шағын және орта бизнес өкілдері неміс тілін белсенді меңгеріп жатыр, бұл оларға Германияда тағылымдаманы өтуге, неміс кәсіпкерлерімен тікелей байланыстарды түзеуге мүмкіндік береді. Неміс тілі курстары университет базасында жұмыс істейтін аймақтық Тіл орталығы Гете-институтта жүргізіледі. Кездесу сонында Германияның Экономика және технологиялар министрлігінің өкілі сөз сөйледі: - В Германияда пайдалы қазбалар жоқ дерлік, жалғыз капитал -ми. Сондықтан, егер біз инновациялық технологияларды енгізуінде жетекші орындарды алғымыз келсе, оларды инвестициялаумыз жөн, - деп аяқтады да осы бағытта серіктесуге ұсынып, министрлікте кәсіпорындар мен ұйымдар – инновациялық технологиялардың экспортерлеріне қолдау көрсету арнайы бағдарламасы бар екенін белгіледі. Қонақтар университетті аралап, серіктесуге дайындықтарын білдірді.
М. КИРИЛЛОВА
Әр балаға – бақытты отбасы
«Қуан, сәби» республикалық акция шеңберінде Павлодар облысының әкімшілігі мен ИнЕУ-дегі әйелдер-саясаткерлер клубының бастамасы бойынша Алия Галимова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Майра Айсина ҚР Парламентінің Мәжіліс депутатының қатысуымен балалық шақ достарының кездесуі өтті.
Бүгін 700-ге жуық балалар-жетімдер және ата-аналарының қамқорлығысыз қалған балалар облыстың балалар үйінде, сәби үйлерінде және мектептер-интернаттарда тәрбиеленеді. Бұл қарапайым адамның қатысуы, қамқорлығы және көңіл бөлгенді қажет ететін балалар. Балалар олардың отбасы болғандарын қалайды.
Сондықтан ағымдағы жылдың шілде айында басталған және облыстың барлық аймақтарында өтетін акцияның басты міндеті балаларды тәрбиелеу үшін отбасыларға, демалыс уақытында қонақ отбасыларға алу сұрағына қоғамның назарын аудару болып табылады. Павлодардың Іскер әйелдері қауымдастығы, оның төрағасы – ИнЕУ-дің қаржы және даму жөніндегі вице-президенті Лариса Фрезоргердің қатысуы мен демеушілігінің арқасында ИнЕУ-де мемлекеттік құрылымдар, қоғамдастық өкілдері, балалар үйінен және интернаттардан алынған балаларды тәрбиелеуге өтілдері бар ата-аналар жиналды. - Біз ата-анасыз қалған балаларға көмек беретін адамдар бар екеніне мақтанамыз. – деп айтты Алия Галимова.
|

|

|
- Мемлекет Үкіметімен осы бағытта көп жұмыс істелініп жатыр: Баланың құқығын қорғау туралы конвенцияға қол қойылды, Гааг конвенциясы бекітілді, отбасы туралы кодексі қарастырылып жатыр. Бірақ әр қайсымыздың балалар-жетімдер тағдырында белсенді қатысуды ештене де айырбастай алмайды, - деп ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина есептейді. - Ешқандай мемлекеттік немесе қоғамдық ұйым балаға ата-анасын айырбастай алмайды, - деп Юдины отбасысы сенімді, - Барлығы маңызды: мысықты сипалау, таңертеңгі асты дайындап білу, ыдысты жуу, итпен қыдыру, достармен әңгімелесу және өз бөлменде өз ойларымен жалғыз болу. – Олардың асырап алған ұлдары Саша Толстоногов, теміржол транспорты колледжінің студенті оның отбасы бар екенің біледі.
|

|
- Мейрімділік – адамның табиғи қажеттілігі, - деп Сергей Гуляев, «Десента» қоғамдық қорының директоры, «Мейрімді Павлодар» акциясының бастамашысы есептейді,. Ирина Митина, «Дельфиялық ойындар» республикалық конкурсы екінші сыйлығының иегері және Павлодар музыкалық колледжінің концертмейстері Ирина Батуринаның орындауында композитор Хандошкиннің «Канцона» кантиленасы орындалып жатыр. Кездесу қатысушыларына парақта отбасы сіздер үшін не білдіретінін бір сөзбен жазу, фанты ойынын ойнауға ұсынып жатыр. Мүмкін, бұл балалар – Адам бақытының бөлігі.
Нина БРУС
Құттықтаймыз
Жыл нәтижесі бойынша ҚР БжҒМ-нің атақтар иемденуімен, марапаттар мен алғыс хаттарын табыстауымен:
НИКИТИН Евгений Борисович, вет.ғ.д., профессор, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, Инженерлік академияның директорын Педагогикалық білім ғылымдарының халықаралық академиясының нақты мүшесі (академик) болып тағайындалуымен ;
АЯШИНОВ Масығүт Макежанұлы, ф.-м.ғ.к., профессор, «Математика» кафедрасының меңгерушісін Ы. Алтынсарин атының омырауға тағатын белгісімен марапатталуымен; МҮБАРАКОВ Ақан Мұқашұлы, п.ғ.д., профессор, информациялық технологиялар жөніндегі проректор, Білім академиясының директорын Ы. Алтынсарин атының омырауға тағатын белгісімен марапатталуымен; ШАРАЯ Светлана Николаевна, ф.-м.ғ.к., «Математика» кафедрасының профессорын «ҚР Білімінің құрметті қызметкері» омырауға тағатын белгісімен марапатталуымен;
ОЧИРОВА Светлана Ивановна, Инновациялық Еуразия университетінің бас бухгалтерін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатын табыстауымен; ҚАЙДАРОВ Мұрат Қажыкенұлы, шаруашылық бөлім жөніндегі проректорды ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатын табыстауымен құттықтаймыз.
Инновациялық Еуразия университетінің ректораты
Сәтті бастама
|

|
Галина Захаровна Химич, ш.ғ.к., профессор, ИнЕУ «Биология» кафедрасының меңгерушісін Халықаралық ақпараттандыру академиясының нақты мүшесі (академик) болып тағайындалуымен құттықтаймыз.
- Барлығы Евгений Борисович Никитин, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректордың «Экология және медицина» секциясында нақты мүшелері (академиктер) және корреспондент мүшелері бос жұмыс орындарын баса тұру конкурсына қатысуға ұсынысынан басталды. Мен өтініш жазып, сауалнаманы толтырып, өз ғылыми еңбектер тізімін, жеке тұлғаны растайтын құжаттарды қоса келтірдім және осының барлығын конкурсқа жібердім. Тек қана академия бір мүшесінің кепілдемесі жетпеді. Мен м.ғ.д., Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры Н.М. Мурзахановтан көмек сұрадым, онымен мені бірлескен жұмыс жылдары, ынтымақтастық және кәсіби көзқарастарымыздың бірлігі байланыстырады. Ол маған кепілдеме жазып берді. Біраз уақыттан соң университетке Халықаралық ақпараттандыру академиясы мүшелеріне қабылдануым туралы хабарлама келді. Әріптестерімге құттықтаулары үшін алғыс білдіремін және ғылыми қауымдастықта қатысуымнан университетке де пайда болады деп ойлаймын. Халықаралық ақпараттандыру академиясының нақты мүшесі дипломын ИнЕУ ректоры, т.ғ.д., профессор А.Ю. Камербаев табыстап, Галина Захаровнаны осы құрметті атағымен құттықтады.
ИнЕУ-дің баспасөз қызметі
|
Құттықтаймыз!

|
«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының профессоры Хамзин Аманкелді Шапиұлын заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!
ИнЕУ ректораты
|
Дипломдарды облыс әкімі табыстайды
ИнЕУ-де үшінші шілде күні Павлодар облысының әкімі Б.А. Сағынтаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасындағы жаңғыртылмалы электр энергетикасы саласындағы алғаш магистрлер шығарылымына дипломдарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Бұл аймақ басшысының университетімізге алғаш келуі. Әкім Кәсіби бағдар беру және қабылдау орталығы, Инновациялық технологиялар орталығына кіріп, оқу-ғылыми-зерттеулік зертханалармен танысты.
Ресей Инженерлік білім қауымдастығының аккредиттеуінен Еуропалық сапа белгісінің иеленуімен өткен «Биотехнология» және «Электр энергетикасы» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларының таныстыру рәсімі өтті.
Осы күні ЖОО Ғылыми кеңесінің шешімімен Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа ИнЕУ-дің Құрметті профессоры атағы берілді.
Бақытжан Сағынтаев құрметін білдіріп, кәсіби жұмысының басында, халық-шаруашылық университетін бітіріп, ғылыммен айналысқанын белгіледі, бірақ бизнеспен айналысып кетті. Енді ол университет профессоры болып, ғылымға қайта оралып, студенттерімізге дәріс оқуға міндетті.
Бақытжан Сағынтаев түлектерді осы атаулы күнмен құттықтап, оларға табыс пен бақыт тіледі. - Жаңғыртылмалы энергетика – тек біздің республикадаға ғана емес, барлық даму бағыттарының әлемінде де басымды болып есептеледі, - деп болыс әкімі атап кетті. - Қазақстанның жаңғыртылмалы энергия бойынша үлкен ресурстары бар. Бүгін мен университеттің жетістіктерімен таныстым, кейбір әзірлеулер мені қызықтырды және де мен осы сала қызмет ететін ғалымдар мен мамандардың қатысуымен жұмыс жиналысын өткізуге дайынмын.
Магистранттар өз диссертацияларын тек университте ғана емес, Афин технологиялық институтында (Афины, Греция) да қорғады. Онда олар жаңғыртылмалы энергетика жөніндегі ТЕМПУС халықаралық жоба аясында оқыған. Шетел ЖОО-нда оқудан өткенін растайтын Еуроодақ сертификаттарын біздің магистранттарымызға ТЕМПУС бағдарламасының жетекшісі Афин технологиялық институтының профессоры Петрос Аксаопоулос табыстады.
Бітірушілерді құттықтап, ол оларға табыс тілеп, ИнЕУ-де халықаралық жоба шеңберінде құрылған зертханалардың Қазақстанда оларға ұқсас зертханалар жоқ деп белгіледі. Ал магистранттарымызға берілген сертификаттар тек қана Қазақстанда емес, Еуропа елдерінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Бітірушілер университетке, өз тәлімгерлеріне, халықаралық жоба жетекшісі, профессор және жоба үйлестірушісі Петрос Аксаопоулосқа, ҒЗИ директоры, т.ғ.к., профессор В.Ю. Мельниковқа алғыстарын білдірді.
Одан кейін басқа мамандықтардың магистрлеріне дипломдар табысталды. Далее были вручены дипломы магистрам других специальностей.
Нина БРУС Фото Валерия Бугаева
Біз қошайтыспаймыз!
ИнЕУ-де – бітірушілер кезі. Осы жылы Инновациялық Еуразия университетінің дипломдарын екі мыңға жуық бітіруші алды, олардың ішінде ғылым бакалаврлары мен магистранттары, екінші жоғары білім алған дипломдары бар мамандар.
Апта бойы университеттің акт залында Қашықтықтан оқыту және екінші жоғары білім факультеттері, Инженерлік академия, Басқару академиясы және Білім академиясының бітірушілеріне жоғары, екінші жоғары білім туралы мемлекеттік дипломдарды салтанатты табыстау рәсімі өтті. Бірінші болып жоғары білім туралы дипломдарды Инженерлік академияның бітірушілері алды. Академия директоры – вет.ғ.д., профессор Е.Б. Никитин, факультет декандары, кафедра меңгерушілерінің құттықтау сөздері, ата-аналардың баталары, есте қалатын фотосуреттер – осыған бәріне өз өмірлерінде бітірушілеріміз бір жыл емес, бірнеше жыл тартылды.
- Мәреге, барлық қиындықтардан өтіп, ең мықтылар жетті, - деп сырттай оқыту факультетінің деканы, ш.ғ.к., профессор Ескен Баденович Баденов есептейді, . – Сондықтан оларға табыс пен мансаптық өсулерін тілеймін. Күндізгі оқыту факультетінің бітірушілеріне тағы бір емтиханды өту керек – бұл жұмысқа орналасу.
- Менің жоспарымда шетелде тағылымдаманы өту және магистратураға оқуға түсу, - деп «биотехнология» мамандығының бітірушісі, құрметті диплом және Қ. Сәтбаев академигінің арнайы сыйының иегері Руслан Каримов әңгемелейді. - Биылғы кафедрамыздың сәулетшілер мен дизайнерлер шығарылымы ерекше, - «Сәулет және дизайн» кафедрасының меңгерушісі Юлия Ильинична Мазина айтып жатыр . - Бұл бітірушілердің дипломдық жобалары университетіміздің бас ғимараты қасбетінің жаңартуында пайдаланған.
- Бітірушілеріміздің тағдырлары әр түрлі құрылады, бірақ біз оларға қиындықтардан қорықпай, Инновациялық Еуразия университетінің бітірушісі атағын жоғары ұстап, өз alma-mater-ін ұмытпандар деп тілейміз, - ИнЕУ ректоры, т.ғ.д., профессор Аскар Юсупович Камербаев айтады. – Құрметті түлектер, жаңа шыңдарға ұмтылыңдар және өз білімдерін жалғастырғыңыз келсе – университет есігі Сіздер үшін әрдайым ашық. Білім – болашаққа деген ең сенімді инвестиция.
М. КИРИЛЛОВА
Құттықтаймыз!
|

|
ИнЕУ «Педагогика және психология» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Сергеева Валерия Викторовнаны (МАНПО) – INTERNATIONAL TEACHER'S TRAINING ACADEMY OF SCIENCE Педагогикалық білім ғылымдарының халықаралық академиясының корреспондент мүшесі болып тағайындалуымен құттықтаймыз.
А.М. МҮБАРАКОВ, п.ғ.д., профессор, Білім академиясының директоры
|
Британия Кеңесінің семинар-тренингінде
|

|
INSPIRE халықаралық жоба аясында Алматыда Британия Кеңесімен өткізілген «Как построить успешную международную карьеру?» семинар-тренингінде ИнЕУ-дің оқытушылары мен қызметкерлері қатысты.
А.В. Алиясова, филол.ғ.к., доцент, «Лингводидактика және мәдениетаралық қарым-қатынас» кафедрасының меңгерушісі, М.Г. Жумагулов, электр энергетикасының магистрі, преподаватель кафедры «Жылу энергетикасы және металлургия», Г.Г. Волошанин, «Электр энергетикасы» кафедрасының оқытушысы университетімізді семинар-тренингте ұсынды.
Семинар-тренинг қатысушылары төмендегі мәселелерді талқылады: - Ұлыбритания, Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің арасындағы академиялық және зерттеу байланыстарын нығайту; - кәсіби дағдыларын жетілдіру арқылы ЖОО-лар әлеуетін көтеру; - зерттеулер мен оқытушылық қызметтегі артықшылықтар негізінде тиімді, тұрақты серіктестіктерді құру.
|
Аударған: Мемлекеттік тілді оқыту
және аударма орталығы
Мамандар кеңес береді
Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету жөніндегі “Әділет кеңес береді” атты республикалық акция аясында ИнЕУ-де Павлодар облысы Әділет департаментінің өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуді әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі проректор, филол.ғ.к. В.А. Шнайдер ашты. Ол қонақтарды таныстырып, әріптестеріне өз сұрақтарын қойып, сол жерде мамандардан заң және құқық саласына қатысты кеңес алу мүмкіндігімен пайдалануды ұсынды. Жиналғандардың алдында Павлодар облысы Әділет департаментінің бастығы Ғ.Т. Джолдыбаева сөз сөйледі. Ғалия Тағыбердіқызы департаменттің шығу тарихына шағын шолу жасап, кейін Әділет департаменті айналысатын мәселелер туралы айтты. Бұл: ЖСН-ді беру, бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін ресімдеу, азаматтық жағдай актілерін тіркеу және жылжымайтын мүлікті рәсімдеу т.т. жөніндегі мәселелер. Департамент бастығы «юстиция» сөзінің грек тілінен аударғанда «әділеттілік» деген ұғымды білдіретінін еске түсірді. Бұл Әділет департаменті жұмысының басты мазмұны.
|

|

|
Кездесу «сұрақ-жауап» форматында өтті. Университет оқытушылары мен қызметкерлерінің сұрақтарына Ғ.Т. Джолдыбаева, Павлодар облысы Әділет департаментінің бастығы; Д.Т. Закимов, Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті департаментінің бастығы; А.Б. Избасканов, Павлодар облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» РМКК директорының орынбасары; қ.ғ.к. Л.Ф. Парамонова, Павлодар облысы бойынша сот сараптамасы зертханасының бас сарапшысы.
Сұрақтар күнделікті өмірге байланысты болды. Бүгінгі таңда ЖСН жөніндегі сұрақтар ең өзекті болып табылады екен. Егер сіздің жеке куәлігіңізде ЖСН болмаса, онда жаңа жеке куәлікті сіз – 2012 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде ауыстыра аласыз.
Кездесу пайдалы да, қызықты да болды. ИнЕУ оқытушылары мен қызметкерлері бұндай кездесулер жиі өтіп тұрса игі болар еді деген ұсыныс білдірді.
М. КИРИЛЛОВА
Аударған: Мемлекеттік тілді оқыту
және аударма орталығы
ИнЕУ студенттері – Павлодар облыстық радиосында
Радионың негізгі жұмысы және бағыты – бүгінгі жас өнерпаздарға, жас дарындарға жол ашу. Сол себептен облыстық радио ұжымы Инновациялық Еуразия университетінде журналистика мамандығына оқып жүрген 1, 2-курс студенттерін құшақ жая қарсы алып, өз тәжірибесімен және эфирдегі уақытымен бөлісіп отырды. Өз ісінің шеберлері редактор Махаббат Кәмесханға, радиотілшілер Елена Вайберт, Шынар Мәденоваларға алғысымыз шексіз.
 |
 |
Радионың ұстанып отырған бағыты (Қазақстанның даңқын арттыру, экономикасын көтеру, мәдениетін қалыптастыру, ел бірлігін сақтап, салауатты өмір салтын құру) шеңберінде Инновациялық Еуразия университеті студенттерінің бағдарламалары әуе толқыны арқылы көпшіліктің назарына ұсынылуда. 2009-2010 ж.ж. аралығында тәрбиелік және танымдық маңызы зор 11 толық көлемді радиобағдарлама шығарылды (Жас тилши ИНЕУ, Омир сабагы Фариза - Гульдара, Адалдык Жадыра Дана Кобланды, Отты жылдар Айдаргалиева Нажат ИНЕУ, 9 Май 2009 Толганай Салтанат, Билим беру, Казакстан мунайна 1100 жыл, Отты жылдар куаси С.Нурмагамбетов, Ауылым 5 ФаризатИмаханова, Жырлайды журек ). Радиобағдарламаларды дайындағандар: Фаризат Имаханова, Толғанай Рахметова, Мәлика Сәтімова, Дана Балтабаева, Гүлдара Қуатбайқызы, Жадыра Саттарова, Арай Омарова, Нұргүл Уахитова, Салтанат Мұхитова және Информатика мамандығына оқып жүрген жас ақын Күнсәуле Қобыланды.
 |
Хабардың көркем, құлаққа жағымды, әуезді болып шығуы ол режиссер мен дыбыс режиссеріне байланысты. Музыкамен хабарды көркемдеу, әрлеу, дыбысын қадағалау, артық дыбыстар мен сөздерді, сөйлемдерді алып тастап, белгілі тақырыбына байланысты ән салып, музыкамен әрлеу – режиссердің жұмысы. Осы бағытта ИнЕУ студенттеріне үлкен көмек көрсетіп жүрген білікті маман – Әлия Нұрмағанбетова.
Инновациялық Еуразия университетінің «Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті, филол.ғ.к. Тина Маняпова
«Студенттік көктем-2010»
ИнЕУ-дің салтанат залында «Офицеры» кинофильмынан алынған «От героев былых времен…» әнімен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Студенттік көктем-2010» фестивалі басталды.
- Адамзат тарихындағы аса ірі де қасіретті оқиға – екінші дүниежүзілік соғыс. Сұрапыл соғыс майданында өз Отаны үшін аянбай айқасқан Ұлы Отан Соғысының жауынгерлері асқақ ерлік жасады. Бұл ерлікті қазіргі, болашақ ұрпақ ешқашан ұмытпайды! Соғыс ерлерінің аты мәңгі жасап, даңқы мәңгі арта береді, - деген сөздерімен фестивальді ИнЕУ ректоры, профессор Асқар Юсупұлы Камербаев ашты.
 |
 |
Фестиваль бағдарламасында соғыс жылдарының әндері, ұлттық және қазіргі уақыттың әндері болды. Аты аңызға айналған «Калинка» әні өңделіп, жаңаша орындалды, колледж студенттері орындаған «Калинка» биі де көрермендердің көңілінен шықты. «ИнЕУ Аруы-2010» атағына ие болған Марина Карандашева мәнерлеп оқыған К. Симоновтың «Жди меня, и я вернусь…» атты өлеңнің жолдары жиналғандардың жүрегін тебірентті. Нip-hop биін орындаудың тамаша техникасын «Джем бразерс» би дуэты көрсетті. Қазіргі жастардың сүйіп тыңдайтын эстрада әндерін Мөлдір Зульхарниева мен Зульфия Ыкылас орындады. Ағалы қарындас Мамаевтар орындаған лезгинка жиналғандарға көп позитив сыйлады. Фестиваль Арсен Ахметовтың орындалуындағы «Журавли» әнімен аяқталды.
 |
 |
- Фестиваль студенттер арасындағы дарынды да талантты жастарды табуға көмектеседі, - дейді ИнЕУ Мәдениет академиясының директоры Валентина Георгиевна Яценко. Біз оларды университет сахнасына шығарып, жұлдыздарын жағуға және жоғары деңгейлерге жетуге жәрдем етеміз. Қаһарман ағаларымыздың елге мұра еткен ерлігі қазіргі ұрпақ үшін ұран болып табылады, ардагерлеріміз аманат еткен бейбітшілік ұрпақтан ұрпаққа жалғаса беретініне сенеміз.
Жастардың бойында отансүйгіштік негіздерді дәріптеуге қосқан қомақты үлесі және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Студенттік көктем-2010» фестивалінің ең үздік бағдарламасы үшін ИнЕУ колледжі Мақтау грамотасымен марапатталды. Фестивальға қатысқан барлық студенттерге естелік сыйлықтар берілді.
Азамат АЙТХАЛИН Аударған: Мемлекеттік тілді оқыту және аударма орталығы
Футболдан достық кездесу
«Динамо» спорт кешенінде ИнЕУ колледжінің құрама командасы мен (жоғары курстар мен жас құрам) Павлодар қ. Ішкі істер басқармасының жедел қимылдайтын арнайы жасағының командасы футболдан достық кездесу өтті.
- Футбол әлемде кең тараған спорт түрінің бірі, футболды барлығы да ойнайды, - деп жарысты ашты Павлодар «Динамо» ДСҚ төрағасының орынбасары Сергей Вильямович Дрешер. 11 маусымда футболдан Әлем чемпионаты басталды. Сонымен қатар біз үшін тағы айтулы дата – биыл Павлодар облысының «Динамо» дене шынықтыру спорттық қоғамы 85 жылдығын атап өтуде. Бұл қоғам жастар арасында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға көп мән береді. - Спорттық қоғамның төрағасы командаларға қызықты ойын тіледі.
 |
 |
- Бірінші ойын ИнЕУдің жоғары курс командасы мен ЖҚАЖ командамасы арасында өтті, - деп әңгімелейді ИнЕУ колледжінің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Күнсұлу Петровна Елубаева. - 9:2 есебімен колледж құрамасы жеңіске жетті. Колледж командаларының арасындағы кездесуде 7:6 есебімен жоғары курс командасы жеңіп алды. Олар колледждер арасындағы мини-футболдан өткен облыстық жарыстардың жеңімпазы болып табылады. Жастар құрамы ЖҚАЖ командасын 6:0 есебімен оңай-ақ жеңіп алды. Біздің колледж спортышалары үшін үлкен жетістік, жеңістеріңізбен құттаймын!
 |
Жарыстар жеңімпаздарды марапаттаумен, грамоталар мен сыйлықтарды табыстаумен аяқталды. Жарыстар қорытындысы бойынша 1-орынға ИнЕУ колледжі жоғары курсының командасы иеленді, 2-орын КИнЕУ-дің жас құрамы, ал үшінші орынды ЖҚАЖ командасы алды. Үздік ойыншылар болып аталғандар: Аманжолов Азамат, Кокумбаев Серік, Ахметов Дәулет, Литовченко Максим, Сагитов Данияр. Павлодар қаласы ІІБ-ның «Динамо» спорт клубы қызықты ойын үшін ИнЕУ колледжінің футбол командасына спорттық киім сыйлады.
Мектептер түлектеріне ҰБТ нәтижесі бойынша сертификаттар берілді
ИнЕУ-де тестілеуден өткен облыс және қала мектептерінің түлектеріне ҰБТ қорытындылары бойынша сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Ең жоғары балл алғандар Ы.Алтынсарын атынд. дарынды балаларға арналған № 3 облыстық гимназияның, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейдің, № 34 орта мектептің түлектері жинады.
 |
 |
Түлектерді ҰБТ-ны табысты аяқтауымен университет басшылығы құттықтады. Сертификаттарды салтанатты табыстау рәсіміне қатысқандар: ИнЕУ-дің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтамақтастық жөніндегі проректоры, Инженерлік академияның директоры, вет.ғ.д., проф. Е.Б. Никитин, «Жылу энергетикасы мен металлургия» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., проф. А.С. Никифиров, қашықтықтан оқыту факультетінің деканы т.ғ.к., проф. Т.М. Салий, Білім академиясының күндізгі оқыту факультетінің деканы, филол..ғк., проф. Саурбаев Р.Ж., Инженерлік академияның сырттай оқыту факультетінің деканы х.ғ.к., проф. Е.Б. Баденов, «Стандарттау және технологиялық жабдық» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., профессор П.В. Дубровин, «Электр энергетикасы» кафедрасының профессоры т.ғ.к. А.В.Дробинский.
 |
 |
Университетте ҰБТ-дан Павлодар қаласының («№ 6,12, 18, 23, 27, 34, 13, 21, 22, 24, 26, Кенжекөл ОМ, «Стикс», № 20 мектеп-лицейі, облыстық спорт мектебі, дарынды балаларға арналған № 8, Ы.Алтынсарын атынд. дарынды балаларға арналған № 3 гимназияның) және Успенка ауданының 786 түлегі өтті. Орташа балл тестілеудің бірінші күні 94,7 балды, екінші күні – 98,3 балды құрайды. ҰБТ-ны ИнЕУ-де өткен түлектер арасында ең жоғары 125-тен балдан 125 балды жинағандар: Скакова Ботагөз, дарынды балаларға арналған № 3 гимназияның түлегі; Елшин Жанерке мен Сейсембинова Зарина, Ы.Алтынсарын атынд. дарынды балаларға арналған № 3 облыстық гимназияның түлектері, Исабекова Махаббат пен Макеева Екатерина, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейдің түлектері. № 34 мектептің түлегі Диганчина Ольга 124 балл жинады.
 |
 |
ҰБТ аяқталды, жақын арада түлектер кеші де өтеді, содан кейін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындауға республикалық конкурс болады. Биыл бакалавриаттың барлық мамандықтарына бөлінген гранттар саны – 34425, былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 585 грантқа артты. Ақ жол тілейміз, құрметті түлектер! Сіздерді ИнЕУ-де күтеміз!
Дина Айгумусова ИнЕУ-дің Кәсіби бағдар беру және оқуға қабылдау орталығының директоры Аударған: Мемлекеттік тілді оқыту және аударма орталығы
ИнЕУ Қытай университетімен шарт жасасты
ИнЕУ Аньшань педагогикалық университетімен серіктестік, ынтымақтастық, ғылыми байланыс жөнінде шарт жасасты. Шартқа сәйкес жаңа оқу жылы «қытай филологиясы» мамандығына оқып жүрген біздің төрт студент Қытайға барып, өз мамандықтары бойынша бір жыл бойы тегін білім алады.
Ғылыми кеңестің биылғы оқу жылындағы соңғы отырысында Қытайға барған іссапар жайлы университет ректоры А.Ю. Камербаев пен «Лингводидактика және мәдениетаралық қарым-қатынас» кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.к., доцент А.В. Алиясова баяндады.
 |
 |
Серіктестік келісімге қол қою мақсатында Қытайдың шығыс өңірінде орналасқан Аньшань қаласына біздің университеттің делегациясы А.Ю. Камербаев пен А.В. Алиясова шақырылды. - Біздің университет Қытай университетімен ынтымақтастық жөнінде шарт жасасқан тұңғыш ЖОО, - деп атап кетті А.Ю. Камербаев. - Біздің делегация серіктес университет факультеттерінің жұмысымен танысты. Аньшань педагогикалық университетінің он бір факультетінде күндізгі оқыту нысаны бойынша 20 мыңнан астам студент білім алады, олардың ішіндегі 1000 студент шетел мемлекеттерінің өкілдері. Филология, аударма ісі, қытай филологиясы мамандықтары бойынша оқытатын филология факультетінде төрт мыңға жуық студент білім алады. - Іссапар барысында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жоба әзірленді, оған қос дипломдар бағдарламасы, ЖОО-лар өткізетін ғылыми және әдістемелік конференцияларға оқытушылардың қатысуы, оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша өзара әдістемелік кеңес беру, оқу жоспарларымен, ғылыми әдістемелік әдебиетпен алмасу, бірлескен олимпиадаларды, басқа да студенттік жобаларды өткізу жайындағы ғылыми-техникалық әдебиетті біріге жариялау сынды мәселелер енді.
 |
 |
- Жасасқан келісімдер нәтижесінде біздің университеттеріміздің енді ғылыми және ғылыми-техникалық әдебиетпен алмасып, бірлескен ғылыми кеңестерді өткізу, дәрістерді оқу мақсатымен оқытушы-профессорлық құрамды іссапарға жіберіп отыру, бірін-бірі оқу оқыту бағдарламалары мен оқу үрдісін реформалау жөнінде ақпарат беру мүмкіндіктері бар. ИнЕУ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері Қытайда өткізілетін конференциялар мен семинарларда, ғылыми симпозиумдарға қатыса алады. Ал біздің студентеріміз халықаралық келісімдер негізінде және келісім-шарт негізінде Аньшань педагогикалық университетінің даярлық және негізгі факультеттерінде оқи алады. - Екі ЖОО да біліктілігі жоғары мамандарды даярлауға қатысты тәжірибе және ақпаратпен алмасуға қызығушылық танытып отыр. Оқу үрдісін компьютерлеуге қатысты тәжірибемен алмасу да өте тиімді болады, - деп қорытындылады А.Ю. Камербаев.
Анастия Васильева Аударған: Мемлекеттік тілді оқыту және аударма орталығы
Германия елшілігінің атташесі ИнЕУ-де
Жексенбі күні ИнЕУ-дің салтанат залында ИнЕУ студенттері мен қызметкерлері Германияның Қазақстандағы елшілігінің атташесі Ян Гозингпен кездесті. Ресми сапардың себебі – университеттің Германиямен байланыс орнату бойынша еліміздің Солтүстік өңірінің көшбасшылары үштігіне кіруі.
Гозинг мырза өз жұбайы және Германияның студент-практиканты Себастиан Притцковпен келді. Қонақтарды ИнЕУ басшылары қарсы алды. Қысқа әңгімелесуден кейін университет бойынша экскурсия өтті.
Сағат 10-нда дөңгелек үстел басында кездесу басталды, мұнда университет студенттері мен оқытушылары ИнЕУ-дің неміс ЖОО-ларымен ынтымақтастығы, студенттермен ауысуы, тағылымдамалар мен бірлескен жобалар туралы айтты. Жиналғандардың көтерген тақырыптары қонақтардың ресми сапарының мақсатына байланысты болды.
Біз елшілік өкілдеріне Германияда оқуға мүмкіндік бергендеріне алғысымызды білдіруге және Германияда болып қайтқан сапардан алған әсерлеріміз туралы айтуға мүмкіндік туғанына риза болдық. Германияда болған студенттерге жаңа ортаға біте қайнасуға қаншалыққа қиын болғаны деген атташенің сұрағына олар бір курста оқыйтын-немістермен қатынасу үлкен қолдау жасады, герман оқытушылары мен профессорларының ұқыпты қарым-қатынастары жаңа ортаға кіруге көмек берді деп жауаптарын берді.
Кездесу қорытындыларын шығарғанда атташе мырза Германия мен Қазақстанның ауысу бағдарламалары тиімді жұмыс істейтінің көруге қуанышты екенінатап өтті. Тығыз қарым-қатынас қолдау және өзара түсіністіктің белгісі болып табылады. Екі жақтың тілегі біздің елдеріміздің арасында серіктестіктің табысты дамуы мен өркендеуі болды.
Татьяна Риттер Аударған: Мемлекеттік тілді оқыту және аударма орталығы
Норвегиядан келген қонақтар ИнЕУ колледжінде
Павлодар облысының білім басқармасы мен Норвегиядан келген серіктестер арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Павлодар қаласына келген қонақтар мен ИнЕУ колледжінің инженерлік-педагогикалық ұжымының кездесуі өтті. Кездесу кәсіби білім мәселелеріне арналды.
- Көптеген дамыған елдерде адамдар өздерінің әл-ауқаттарына белгілі бір дәрежеде дамыған кәсіби білім жүйесіне міндетті екендігіне сенімді,- деген сөздермен Павлодар облысы делегациясының құрамында болып, жақында Норвегияға барып келген, ИнЕУ-дің оқу-әдістемелік жұмыс және білім сапасы жөніндегі проректоры Комардина Любовь Степановна ккездесуді ашты. - Сондықтан біздің елімізде осы бағыттағы аймақтық және халықаралық жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Халықаралық ынтымақтастық кадрларды даярлау жүйесін дамытуға ерекше серпіліс енгізеді. Елдер арасында тәжірибе алмасу белсенді жүріп жатыр.
 |
 |
Үздіксіз білім беру жүйесі мен ИнЕУ колледжінде мамандарды даярлау ерекшеліктері туралы колледж директоры, Қазақстан ағарту ісінің үздігі Таженов Шалқарбай Әміржанұлы айтты. Ол әлеуметтік серіктестіктің аса маңыздылығын атап өтті және кездесуге келген қонақтарға ИнЕУ колледжінің серіктес-кәсіпорындарының басшыларын: „Қазақстан алюминийі„ АҚ-ның қызметкерлер құрамы және бірлескен қарым-қатынастар жөніндегі вице-президенті Жангазаков Мұратқазы Абылайұлын, „Қамқор-авто„ ЖШС директоры Тургульдинов Марат Сейітқанұлын, „Имсталькон„ АҚ-ның Павлодар құрастырушы фирмасының директоры Каткин Геннадий Иосифовичті, „Промстройкомплекс„ ЖШС директоры Дмитриченко Валерий Васильевичті, „№1 автобус паркі„ КМК директоры Ватутин Сергей Дмитриевичті таныстырды. „Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға„ атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Жолдауында „Әлемдік дағдарыс жағдайларында біздің жұмыспен қамту стратегиямыз кадрларды қайта оқыту және қайта даярлау бойынша толық қанды жұмысқа бағытталған„, - делінген.
 |
 |
ИнЕУ-дің техникалық және кәсіби білім басқармасының бастығы Чупринюк Ольга Николаевна: „Кадрларды курстық даярлау және қайта даярлау университеттің кәсіби білімінің үздіксіз жүйесінде ерекше орын алады„,- дейді. - Қазіргі уақытта кәсіпорын тапсырыстары, жеке шарттар бойынша кадрларды қайта даярлаудың өскендігі байқалады. Міне, бірнеше жыл колледжде „Орталық Азия мен Закавказия елдерінің аймақаралық ынтымақтастығы„ Халықаралық қазақстандық-германиялық жоба материалдарын қолдану арқылы мамандарды қысқа мерзімде даярлау жүзеге асырылуда. Бұл тұста Норвегиядан келген әріптестеріміздің тәжірибесі өте қызықты,- деп есептейді ол. Қазақстандық әріптестерімен өткен кездесуде олар өздерінің кадрларды даярлау жүйесі туралы айтты, сонымен қатар тыңдаушыларға білім алушыларды оқу орнында, кәсіпорында даярлау туралы, олардың білімін тәуелсіз бағалау әдісі жайында бай бейне материалды ұсында.
 |
 |
Жұмыс берушілер, педагогикалық қызметкерлер мен Норвегиядан келген қонақтардың қатысуымен өткен кездесу қызықты болды. Оған тек колледж оқушыларының өндірістік тжірибеден өтетін кәсіпорындардың басшылары ғана емес, Павлодар облысы колледждерінің директорлары кеңесінің төрағасы Капенов Қабылқақ Қабдылманапұлы да қатысты. Кездесу соңында қонақтар университет пен колледжді аралап шықты.
Ольга НИКОЛАЕВА Аударған: Мемлекеттік тілді оқыту және аударма орталығы
Бірлігіміз жарасқан!
Жаздың шуақты күнінде Павлодар қаласы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай ұйымдастырылған «Бірлігіміз жарасқан» атты республикалық акцияның орталығына айналды. Патриоттық акция-шеру отансүйгіштердің «Бірлігіміз жарасқан» ІІІ республикалық форумы аясында өтті.
 |
 |
Қала алаңы мен орталық жағажай алтын, көгілдір түске боялды. Көк аспан аясындағы алтын күн астында қыран құс бейнеленген үлкен матаны самал жел желпіп, қалықтап ұшып бара жатқан құс бейнесін елестетті. Бұл жүректі тебірентетін қайталанбас көрініс болды. Мемлекеттік нышандар мерекесінің шарықтау шегі «Астана» мұз айдынында өтті. Мұнда барлығы да жиналған: медицина саласының өкілдері, тәртіп сақтау органдары, жастар ұйымдарының белсенділері, мұғалімдер, еліміздің түпкір-түпкірінен келген қонақтар, ұлттық бірлестіктердің өкілдері және де біздің ИнЕУ-дің студенттері. Олар «Біздің Ту. Біздің елтаңба. Біздің әнұран» акциясын белсенді қолдады. Инновациялық Еуразия университетінің логотибі бар футболкаларды киіп, «Қазақстан» деген жазуы бар жалаушаны ұстаған қыздар мен жігіттер түрлі мамандықтар өкілдерімен бірге қала көшелерімен жүріп мұз сарайына қарай жылжыды.
 |
 |
Мұз сарайында мереке басталды. Жиналғандар «Біргеміз! Берік іргеміз!» деген ұранымен сахнаға шыққан мерекенің басты қонақтары – Ұлы Отан соғысының қаһарман ардагерлері, Ванкувер олимпиадасының жеңімпазы, биатлонист Елена Хрусталева, қазақ эстрадасының жұлдызы Роза Рымбаева және Қызыл ағашта болған қайғылы оқиғадан кейін қол ұшын беріп, ауылды қалпына келтіруге көмегін көрсеткен еңбек жасақтарының сарбаздарына үлкен қошемет көрсетті. Отансүйгіштік және ерен еңбектері үшін оларға «Бірлігіміз жарасқан» медалі мен елбасының кітаптары табысталды. Үлкен экранда бүгінгі күннің қаһармандары: шекарашылар, жұмыскерлер, ТЖ командалары, дәрігерлер және олардың кәсіби ерліктерін әңгіме ететін бейнебаяндар көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар экранда Қазақстанның дарынды балалары, атақты спортшылар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Екібастұз «Богатырь» кенішінің кеншілері көрсетілді. Олардың көбісі мұз сарайының залында болды. Олар да құрмет белгісін алып, халық қошеметіне бөленді.
Қазақстандықтардың отансүйгіштік қасиетін нығайтуға бағытталған бұл шара отандық эстрада жұлдыздарының концертімен жалғасты. Акция соңында жиналғандардың барлығы бір деммен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындады. Шынымен де біздің Бірлігіміз жарасқан!
Әйелдердің бүкіләлемдік саммитінде
Қазақстан әйелдерінің делегациясы Пекин қаласында өткен 20-шы бүкіләлемдік әйелдер саммитінен оралды. Бұл саммитке әлемнің 34 елінен 1000-ға жуық өкілдері қатысты. Саммитте қоғамның экономикалық өміріндегі әйелдердің рөлін арттыру жөніндегі мәселелер қарастырылды.
Саммиттің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Бүкілқытайлық әйелдер федерациясының төрағасы Чэнь Чжили әйел заты қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен адамзат өркениетінің ілгері басуын ынталандырады деп атап өтті. Төрағаның айтуынша, қытай үкіметі әйелдер мен ерлердің гендерлік теңдігін қамтамасыз ету мәселесін саяси қызметтің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырады.
 |
 |
Саммитке қатысушылар – бизнес және мемлекеттік құрылымдар басшылары, көшбасшылық мәселелерін, қызметкерлер құрамын, әлеуметтік серіктестікті, тиімді кәсіпкерлікті даму мәселелерін талқылады, - деп әңгімелейді экономика ғылымдарының докторы, профессор, Инновациялық Еуразия университетінің қаржы және даму жөніндегі вице-президенті, «Қазақстан іскери әйелдерінің қауымдастығы» АҚ-ның Павлодар филиалының төрағасы Лариса Фрезоргер. - Сессияның басты мақсаты гендерлік тепе-теңдік мәселелері және бизнесті басқарудағы әйелдер мен ерлердің тиімді ынтымақтастығы жолын нығайтуға арналды. Бизнесті БАҚ-ын қатыстыру арқылы дамыту, микрокредиттік ұйымдардағы тәуекел-менеджмент, энергетиканың баламалы көздерін дамытудағы әйелдің рөлі сынды тақырыптар ерекше қызығушылық тудырды. Монғолия мен Вьетнамнан келген делегация қатысушылардың басты назарында болды. Қазақстан делегациясын ҚР-ның еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Абдықалыкова басқарды. Делегация құрамында қазақстандық танымал фирмалардың өкілдері: «Ромат» фармацевтикалық фирмасының вице-президенті Марина Ким, Ксеll-дің корпоративтік коммуникациялары жөніндегі директоры Аида Досаева, КРМG компаниясының аға кеңесшісі Жанат Бердалина және т.б. болды.
 |
 |
Қазақстан делегациясының бұндай форумға баруын бірнеше жыл бойы Қазақстан іскери әйелдерінің қауымдастығы ұйымдастырып келеді. Қауымдастықты әлеуметтік ғылымдардың кандидаты, профессор Раушан Сарсембаева басқарады. Кездесулер барысында Қытай кәсіпкер-әйелдерімен серіктестік қарым қатынасты дамыту болашағы белгіленді. Ақпараттармен алмасу барысында жаңа идеялар туды, бұл саммит оң нәтиже беретініне күмән жоқ.
ИнЕУ баспасөз қызметі Аударған: Мемлекеттік тілді оқыту және аударма орталығы
Шын жүректен құттықтаймыз!
 |
«Менеджмент» кафедрасының ұжымы «Қазақтелеком» АҚ-ның Павлодар облыстық дирекциясының бас директоры, ИнЕУ Қамқорлық кеңесінің мүшесі, экономика ғылымдарының кандидаты, «Менеджмент» кафедрасының доценті Кузеков Асхат Сапиұлын мерейтойымен шын жүректен құттықтайды! «Адамның ең асыл қасиеті – басқаға істеген жақсылығы» дегендей, Сіз - жақсылығыңызды жаннан аямаған азаматсыз. Жас мамандарды даярлау ісіне қосып жүрген үлесіңіз үшін Сізге шексіз алғысымызды білдіреміз. Құрметті Асхат Сапиұлы, Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, деніңізге саулық тілейміз. Қажырлы еңбегіңізге, төзімділігіңіз бен табандылығыңызға мың да бір рахмет! Ел алдында даңқыңыз бен абыройыңыз арта берсін!
«Менеджмент» кафедрасының ұжымы Аударған: Мемлекеттік тілді оқыту және аударма орталығы
|
ИнЕУ-де оқушылар арасында волейболдан турнир өтті
Мектеп оқушылары арасында Ректор кубогына өтетін «Абитуриент 2010» атты волейболдан дәстүрлі көктемдік турнир ИнЕУ-де қала мектептері оқушыларының арасында өткізілген қала біріншілігі нәтижесі бойынша мықтылар ондығына кірген командалар жиналды.
Биылғы жылы бозбалалар қатарына қыздар командасы да қосылды. Турнирге барлығы 11 команда қатысты: олардың 5-і қыздар командасы (№ 4, 35, 29, 43 ЖОББМ-тері мен Заря с.) және 6-ы бозбалалар командасы (№ 34, 12, 5 ,4, 43 ЖОББМ-тері және № 8 лицей).
 |
 |
- Турнир «Абитуриент 2010» деп босқа аталмайды, - дейді ИнЕУ-дің «Денешынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, ИнЕУ профессоры Татьяна Денисовна Командик, - жыл сайын бұл турнирде 6-11 сынып оқушылары қатысады. Турнирдің басты мақсаты - болашақта университет құрама командасының негізін құра алатын жас спортшылардың ЖОО-мен танысуы. Биылғы жылы ойын өте қызықты өтті, ең бастысы, командалардың ешқайсысы да оңайлықпен жеңілмеуге тырысты. Ойындардың үлкен бөлігі 2:1 есебімен аяқталды, яғни үш партиядан құралды. Қыздар арасында үздік команда тез анықталды - ол Заря мектебінің командасы. Басқа командалар да жақсы көрсеткіштер көрсетті: № 35 мектеп командасы қорғауда жақсы ойын көрсетсе, № 4 мектеп командасы - ойында жақсы тактикамен көзге түсті, № 43 мектеп командасы жаттықтырушысы болмаса да, өздерінің жинақылықтарымен, өзара түсіністіктерімен келген жанкүйерлерді таң қалдырды. Финалда № 5 ЖОББМ командасы былтырғы турнирдің жеңімпазы атанған № 4 мектеп командасынан жеңіс жалауын «тартып әкеткендей» болды. Қорытындылай келгенде, қыздар арасында бірінші орынға «Заря» мектебінің командасы ие болды, екінші орында - № 4 мектеп командасы, үшінші орында - № 9 мектеп командасы, төртінші орында - № 43 мектеп командасы және бесінші орынды иемденген - № 29 мектеп командасы. Бозбалалар арсында: бірінші орынды қанжығасына байлаған - № 5 мектеп командасы болса, екінші орында - № 4 мектеп командасы, үшінші - № 43 мектеп командасы, төртінші - № 8 лицей және бесінші орынды - № 12 және 34 мектеп командалары өзара бөліп алды. Турнир нағыз спорттық мейрам сияқты өтті. Мектеп оқушыларына өздерінің спорттық дайындықтарын көрсетуге және Павлодар облысындағы үздік университеттерінің бірі - ИнЕУ-ге оқуға түсу шарттарымен танысуға үлкен мүмкіндік туды, оқытушыларға да бір-бірімен танысып, өз тәжірибелерімен бөлісуге үлкен мүмкіндік туды. Ал бұл турнир оқушылардың есінде мәңгіге қалу үшін ойын кезінде жасалған фотосуреттер таратылды.
Александр ЦУРЕНКОВ Аударған: Мемлекеттік тілді оқыту және аударма орталығы
|