Анонсы событий

Назар аударыңыз: Британ Кеңесінің конкурсы

ҚР БжҒМ –нің хабарлауы бойынша, British Council (Британ Кеңесі) Қазақстан және Ұлыбритания ЖОО-ның арасында қызметтестік орнатуға бағытталған зерттеу және білім саласындағы Халықаралық стратегиялық серіктестік жобасының (INSPIRE) шеңберінде Танысу гранттарын алуға конкурс жариялайды.

 

2000 фунт көлеміне  дейінгі гранттар  британ ЖОО-на сапар жасауға арналған, бұл жоғары оқу орындары потенциалды серіктестер ретінде қарастырылады. Ұқсас гранттар британ жағына да қазақстандық  ЖОО ішінен серіктестер іздеу үшін ұсынылады. 

Жоба ішінде ЖОО-ның арасындағы қызметтестіктің приоритеттік салалары:

  • Қоршаған орта мен  климаттың өзгеруі (Environment and Climate Change)

  • Биотехнологиялар (Biotechnology)

  • Ағылшын тілін оқыту әдістемесінде фокус арқылы білім беру;  жоспарлау және білім беру саясаты (Education with a focus on English language teaching and methodology and education policy & planning)

  • Энергетика (Energy)


Басқа салаларда да қызметтестікті реттеуге бағытталған  хабарламалар  қарастырылуы мүмкін. 

“2010-11 Exploratory Grants” конкурсқа қатысу үшін хабарламаны 2010 жылдың 19 қарашасына дейін берулеріңіз қажет. Хабарламада (ағылшын тілінде) сапардың мақсаты мен нәтижесі, сондай-ақ 2011 жылдың 31 наурызына дейін өтетін сапардың уақыты, қатысатын ЖОО-дары және қызметтестік саласы көрсетілуі тиіс. 

Біріншіден хабарламалар қарастырылады, сосын олардың келіп  түсуіне байланысты гранттар реттелінеді. Хабарламаларды алдын-ала жіберулеріңізді  сұраймыз. 

Грант, хабарлама беру, жиі қойылатын сауалдар мен аппликациялық форма туралы толығырақ мәліметті British Council сайтында:
http://www.britishcouncil.org/kazakhstan-projects-inspire-exploratory-grants.htm таба аласыз.

Хабарламаның толтырылған  формасы
электронды адреске, ал хабарламаның қол қойылған түпнұсқасы British Council офисіне, 050013 Қазақстан, Алматы қаласы, Республика алаңы мекенжайына жіберілуі керек.


ҚР БҒМ-нің веб-сайтынан

 

 

Талапккер-2010

Талапкерлерге арналған «Знание-Бiлiм» газетінің арнайы нөмірі жарыққа шықты.

Нөмірде Сіз төмендегі ақпараттарды таба аласыз:
- университет жөнінде қысқаша ақпарат;
- ЖОО-ға қабылдау ережелері;
- қабылдау комиссиясының күнтізбесі;
- ЖОО, колледж, кәсіби лицей, магистратура, PhD докторантурасының мамандықтары;
- ЖОО-ға түсу үшін, грант тағайындау конкурсына қатысу үшін, ЖОО-ға оқуға қабылдануға қажет құжаттар тізімі;
- Сізді қызықтыратын басқа да пайдалы ақпарат.

ИнЕУ-де кездескенше!

 

2010 жылғы талапкерге көмек

ИнЕУ сайтында «Оқуға түсушілерге» атты бөлімде талапкерлер мен болашақ мектеп бітірушілеріне арналған «Тестілеу» атты бет ашылды.

Ол – тест арқылы пән бойынша білімін тексергілері алатындарға арналған. Тестілеуді өту технологиясы жеңіл: ұқыпты болып, сізге ұсынылған операцияларды кезекпен орындау керек. Содан соң сіздер таңдаған жауап нұсқаларын белгілеп, тіркеуден өтіп, өз тестілеу нәтижелерін біле аласыздар. Маңыздысы - сіздердің өз алған балдарыңызды ғана емес, қате жауаптардың дұрыс нұсқасын білу мүмкіндіктеріңіз болады.

Қазіргі уақытта биология пәнінен тест шығарылып тұр. Бетте тестілеудің барлық пәндері бойынша тестерді шығару жоспарланып отыр.

Құрметті талапкерлер, сәттілік тілейміз!



 

Инновациялық Еуразия университетінің

Ақпараттық технологиялар басқармасы

Аударған: Мемлекеттік тілді оқыту

және аударма орталығы

 

2010 жылғы түлектердің назарына

ИнЕУ-дің (колледждің)  2010 жылғы түлектерін құттықтай отырып, дипломдарды салтанатты табыстау рәсіміне  шақырамыз

23.06.10 ж.

1000

Инженерлік академияның
КОФ

Орталық кіре беріс

(№1 ғимарат)

23.06.10 ж.

1400

Инженерлік академияның СОФ

Салтанат залы

(№1 ғимарат)

24.06.10 ж.

1000

Білім академиясының КОФ

Салтанат залы

(№1 ғимарат)

24.06.10 ж.

1400

Білім академиясының СОФ

Салтанат залы

(№1 ғимарат)

25.06.10 ж.

1000

Басқару академиясының КОФ

Салтанат залы

(№1 ғимарат)

25.06.10 ж.

1400

Басқару академиясының СОФ

Салтанат залы

(№1 ғимарат)

26.06.10 ж.

1000

Қашықтықтан оқыту факультеті

Салтанат залы

(№1 ғимарат)

01.07.10 ж.

1200

Екінші жоғары білім факультеті

Салтанат залы

(№1 ғимарат)

03.07.10 ж.

1200

Магистратура факультеті

Салтанат залы

(№1 ғимарат)

10.07.10 ж.

1200

Колледж

Салтанат залы

(№1 ғимарат)

Инновациялық Еуразия университетінің ректораты

 

«Болашақ» стипендияларына конкурс

ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 18 мамырдағы «Болашақ» халықаралық стипендияны іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» № 237 бұйрығына сәйкес ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға қатысу үшін тапсырылатын құжаттар төмендегі шарттар негізінде жүзеге асырылады:

- академиялық оқу үшін – 2010 жылғы 30 шілдеге дейін;
- ғылыми тағлымдаман өту үшін – 2010 жылғы 30 қыркүйекке дейін.

Құжаттар күнсайын, сенбі мен жексенбіден басқа күндері, сағ.9.00-ден 17.00-ге дейін (үзіліс сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейін), төмендегі мекенжай бойынша:   Астана қ., Қонаев к-сі, 29/1, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ. Телефондары: 8 (7172) 550-124, 550-125, 550-126, 550-128

Орталықтың Алматыдағы филиалы оқуға өздігінен үміткерлерден құжатты 15 шілдеге дейін төмендегі мекенжай бойынша қабылдайды: Алматы қ., Самал-2, Бектуров к-сі, 104, 3-қабат, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Алматыдағы филиалы. Телефондары: 8 (727) 264-16-03, 264-16-48

Manager of International Office
Innovative University of Eurasia
www.ineu.edu.kz
tel/fax. +7 7182 34 47 50
mobile phone. +7 777 458 53 83

 

 

Халықаралық бағдарлама

Құрметті әріптестер! Сіздерді ИНСПАИР халықаралық бағдарламаға қатысуға шақырамыз.
Өтінімдерді берудің соңғы күні – 2010 жылғы қараша.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны:
- ғылыми зерттеулердегі ынтымақтастық,
- оқытушылармен алмасу
- оқу материалдарын әзірлеу,
- студенттермен ауысу бағдарламалары немесе бағдарламаларды бірлесе әзірлеу,
- халықаралық ынтымақтастықты барлық деңгей мен оқу орындарының түрлі факультеттерінде дамыту.
2000 фунт көлемінде стипендия төленеді, ұшып бару төлемақысы төленеді.

Айтжан Күлімжанова,
ИнЕУ-дің халықаралық ынтымақтастық бөлімнің ағылшын тілді бағыт жөніндегі маман.

Manager of International Office
Innovative University of Eurasia
www.ineu.edu.kz
tel/fax. +7 7182 34 47 50
mobile phone. +7 777 458 53 83
Аударған: Мемлекеттік тілді оқыту және аударма орталығы

 

Внимание: конкурс

Комитет науки МОН РК  объявил конкурс по государственным закупкам услуг по научно-технической программе «Межгосударственное сотрудничество и международные научно-технические программы и проекты» на 2010-2012 годы.
Окончательный срок представления заявок на участие в конкурсе - до 8 июля 2010 года.
Дополнительная информация на веб-сайте Комитета науки МОН РК  по адресу:

http://www.scedu.kz/ru/goszakup/2010_god/otkrytyi_konkurs/ntp_mezhgosudarstvennoe_sotrudnichestvo_i_mezhdunarodnye_nauchno_tekhnicheskie_programmy_i_proekty_na_2010_2012_gody/

Инновационный Евразийский университет
140003, Республика Казахстан,  г. Павлодар,
ул. М. Горького, 102/4
тел. + 7 (7182) 671640

 

Халықаралық жастар конкурсы

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Институты» НОУ ВПО «ТМД елдерінің ұлттық идеялары» атты Халықаралық жастар конкурсын өткізеді . Жұмыстар 2010 жылғы бірінші қарашаға дейін қабылданады.
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:

- ТМД елдері жастарының интеллектуалдық әлеуетін сол елдердің ұлттық идеяларын қалыптастыруға  жұмылдыру;
- ұлттық артықшылықтардың интеллектуалдық ізденісі үрдісіне ТМД елдерінің мектеп оқушылары мен студент  жастарды, жас ғалымдарды тарту; 
- үздік жұмыстарды кең тарату.
Конкурсқа ТМД елдерінің ұлттық идеяларын терең ойлауға арналған жұмыстар  қабылданады.
Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:
- конкурсқа көлемі 10 беттен аспайтын жұмыстар қабылданады. Форматы - А4, қаріп - Тimes New Roman, қаріп өлшемі  – 12;
- жұмыста төмендегілерді көрсету керек:  автордың Т.А.Ә., пошталық индексі бар мекенжайы, телефоны, жасы, білімі, оқу (жұмыс) орны;
- жұмыс бір файлмен Word құжаты түрінде электронды пошта арқылы мекенжайына жіберіледі.
Конкурс шарттарына сәйкес  келмейтін жұмыстар қарастырылмайды.
Конкурсты өткізу мерзімдері:
Конкурсқа тапсырылатын материалдар  2010 жылғы 1 қарашаға дейін қабылданады.
Конкурс қорытындылары 2010 жылғы желтоқсанда шығаралады.
Конкурсты ұйымдастыру:
Конкурсты ұйымдастыру, өткізу және қорытындыны шығару төмендегі құрылымдарға жүктеледі:
- Ұйымдастыру комитеті: құрылтайшымен өз өкілдері арасынан құрылады және конкурсты дайындауға және өткізуге жалпы жетекшілік жасайды;
сараптама кеңесі: конкурстың бірінші кезеңі барысында жұмыстарды қарастыружәне бағалау үшін
құрылады. Кеңесті құрылтайшылар қалыптастырып, ұйымдастыру комитетінде бекітеді.
қазылар: құрылтайшылармен  беделді ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен  қалыптастырылады.
Конкурс жеңімпаздардын марапаттау конкур қазыларының шешіміне сәйкес өткізіледі. Жеңімпаздар үшін төмендегі наградалар белгіленеді:
- бірінші премия – 1000 евро;
- екінші премия – 500 евро;
- үшінші премия – 200 евро.
Қазылар ұсынған қатысушылардың жұмысы жеке кітапша болып шығарылады да, үздік деп танылған жұмыстардың авторларға жіберіледі және ТМД елдерінің биліктің заң шығарушы және атқарушы органдарына жолданады.
Конкурс жөніндегі ережемен ТМД Институтының ресми сайтынан таныса аласыздар: www.isng.ru.

Байланыс Тел.: (495)948-20-77, e-mail:
Manager of International Office
Innovative University of Eurasia
www.ineu.edu.kz
tel/fax. +7 7182 34 47 50
mobile phone. +7 777 458 53 83

 

Назар аударыңыздар: АКЦИЯ

15 мамыр күні сағ. 12.00-де ИнЕУ-дің салтанат залында ауылдық квота бойынша оқыған түлектерге арналған «Әр түлек – өз аулына» атты акциясы өтеді.
Акция ҚР БҒМ Жоғарғы және ЖОО-дан кейінгі білім департаментінің бастамасы бойынша түлектерге жұмысқа орналасуда жәрдемдесу және аймақ ауылдарды мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында өткізіліп отыр.

ИнЕУ-дің Кәсіби даму және карьера бағдарламалары орталығы

Аударған: Мемлекеттік тілді оқыту

және аударма орталығы

 

Оқытушылар назарына!

ИнЕУ Біліктілікті жетілдіру институты «Серіктестік орталығымен» бірлесіп, Гүлнар Даржуманова, ҚР Президенті Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі өткізетін семинар-тренингтерді ұйымдастырады:

  • Қазақстандағы әйелдер көшбасшылығының даму болашағы. ИнЕУ семинар қатысушылары мен Петропавл және Өскемен қалаларындағы семинар қатысушыларының онлайн-тәртібіндегі кездесуі – 7 мамыр, сағ. 9.00-ден 17.00 дейін, Қайырбаев к-сі, 75 мекенжайы бойынша өтеді. Семинар бағасы - 2000 теңге.

  • Қаржылық сауаттылық негіздері - 14-15 мамыр аралығында 14.00-ден - 18.00 дейін, Ломов к-сі, 45, ИнЕУ-дің 1-ғимараты, 113-каб. мекенжайы бойынша өтеді. Семинар бағасы - 2500 теңге

  • Коммуникативтік-креативтік қабілеттерді дамыту - 19-20 мамыр аралығында 14.00-ден 18.00 дейін Ломов к-сі, 45, ИнЕУ-дің 1-ғимараты, 113-каб. Мекенжайы бойынша өтеді. Семинар бағасы - 2500 теңге.

  • Шешендік өнердің құпиялары - 17- 18 мамыр аралығында, сағ. 9.00-ден 17.00 дейін, Қайырбаев к-сі, 75 мекенжайы бойынша өтеді. Семинар бағасы - 2000 теңге.

Тыңдаушыларға халықаралық сертификат беріледі.

 
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 4 5 Следующая > Последняя >>

Страница 1 из 5