Инновациялық Еуразия Университетінің миссиясы – мемлекет пен аймақтың тұрақты дамуына жәрдемдесу мақсатында бірлескен байланыстар мен инновациялық технологияларды дамыту арқылы әлемдік білім беру кеңістігіне кіру, үздіксіз білім беру жүйесі негізінде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Мемлекеттік лицензия № 0000069
Мемлекеттік аккредитация туралы куәлік 0000058
Қызмет бағыттары:
-
жоғары оқу орнына дейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімнің білім беру бағдарламаларын орындау;
-
кәсіпорындар мен ұйымдардың ғылыми, ғылыми-педагогикалық қызметшілерін, басшылары мен қызметкерлерін даярлауды, қайта дайындау мен біліктілігін жетілдіруді іске асыру;
-
ғылыми зерттеулерді жүргізу;
-
ақпараттық және кеңес беру қызметін көрсету;
-
баспа қызметі.
Инновациялық Еуразия Университеті (ИнЕУ) - экономикалық, заң, техникалық, ғылыми жаратылыстану және гуманитарлық бағыттардың 55 мамандығы бойынша кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының жетекші мемлекеттік емес жоғары оқу орны.
Университетте көп деңгейлі білім беру жүйесі:
-
мектеп-лицей;
-
кәсіптік лицей;
-
колледж;
-
жоғары, екінші жоғары;
-
магистратура;
-
аспирантура.
ИнЕУ-де 11 мыңнан астам студент оқиды, оның ішінде:
-
1500 студент – мемлекеттік грант бойынша;
-
15 студент – “Болашақ” стипендиясы бойынша АҚШ, Ұлыбритания, Ресей және басқа елдердің университеттерінде білім алуда;
-
250 студент – облыс әкімінің гранттары мен стипендиялары бойынша;
-
10 студент – шетелдік кәсіпкерлердің гранттары бойынша;
-
7 студент президенттік стипендияның иегері болды.
ИнЕУ-де:
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік үлгідегі дипломының берілуімен Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім;
-
Ресей және Германияның мемлекеттік үлгідегі дипломының берілуімен халықаралық;
-
Қосымша кәсіби (БЖИ, шетел тілдері, ақпараттық технологиялар, қызметкерлерді басқару психологиясы және т.б. курстар) білім алуға болады.
Жоғары оқу орнында оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытудың күндізгі, сырттай және қосалқы түрлері бойынша жүргізіледі.
-
2005 жылы CAMEQ бизнес-білім сапасын көтерудің Орталық-Азия бағдарламасы бойынша ИнЕУ-дің экономикалық мамандықтары сәтті аккредитацияланды.
-
Студенттерді Мемлекеттік аралық аттестаттаудың қорытындысы мамандарды даярлау сапасы бойынша ИнЕУ – Қазақстанның 177 ЖОО ішінде көшбасшылар қатарында екенін көрсетті.
-
«Цесси-Қазақстан» салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институты жүргізген ҚР-ның жоғары оқу орындары рейтингінің мәліметтері бойынша, ИнЕУ – Шығыс аймақтың көп салалы ЖОО-дары арасында бірінші орында.
-
15 жыл ішінде ИнЕУ барлық салаларда және аймақтың, республиканың, жақын және алыс шетел экономикасын басқарудың барлық деңгейінде жоғары оқу орнын абыроймен көрсететін 9 мыңнан астам маман даярлады.
-
Университетте 700-ден аса біліктілігі жоғары оқытушалар қызмет атқарады, олардың ішінде 250 ғылым кандидаты мен ғылым докторы бар. Оқу үрдісіне Қазақстанның жетекші ғалымдары, аймақтың кәсіпорындары мен мекемелерінің, банктік құрылымдардың және БАҚ-тың мамандары қатыстырылады.
Біздің бітірушілеріміздің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жақсы. Олардың 70 % астамы өздерінің болашақ жұмыс орындарын дипломдық жобаларын қорғағанға дейін біледі. ИнЕУ бітірушілерін жұмыспен қамтамасыз етуге және олардың қызмет бабында өсуіне университеттік “Перспектива” орталығы әсер етеді.
ИнЕУ – қазіргі заманға сай студенттік қалашық:
-
техникалық жабдықталған алты оқу корпусы;
-
кітапханалық-ақпараттық кешен;
-
Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптар;
-
баспа орталығы;
-
спорт залдары;
-
студенттік кафе;
-
жайлы жатақхана;
-
Усолка жағасында демалыс аймағы.
Университеттік кешен құрамына жоғары оқу орнына дейінгі білім беру және инноватика орталығы, біліктілікті жетілдіру институты, іскери ақпарат агенттігі, автомектеп, «Гуливер» бизнес-орталығы кіреді.
ИнЕУ ғылыми кітапханасы – Ақпараттық консорциумның, Қазақстан ЖОО кітапханалары ассоциациясының мүшесі, “Сорос-Қазақстан” қоры грантының иегері. Кітапханада жаңа ғылыми-әдістемелік, оқу және көркем әдебиеттің қоры бай. Оқырмандарға электронды каталог, медиатека, Интернет-кафе, мамандандырылған бес оқу залы қызмет көрсетеді.
ИнЕУ – халықаралық гранттардың иегері:
-
оқытудың қосалқы түрін енгізу бойынша “Еуразия” қорының;
-
Карьера орталығын құру бойынша CAMAN қорының;
-
«Электроэнергетика – навстречу Центральной Азии» TEMPUS TACIS EC жобасы бойынша;
-
«Жоғары білім сапасының бағасы» жобасы бойынша ҚР-ның БжҒМ және «Сорос-Қазақстан» қорының.
ИнЕУ – аймақтық ғылыми орталық. Оның құрамында алты ғылыми-зерттеу институты бар:
-
Білім беру;
-
Аймақтың тұрақты даму мәселелері;
-
Тіл білімі;
-
Металлургия және жылу энергетикасы;
-
Электр энергетикасы;
-
Биотехнология.
Республиканың инновациялық қызметін дамытудағы үлесі үшін Инновациялық Еуразия Университеті 2001-2005 жж. Қазақстанда үздік деп танылды.












